8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
08 Желтоқсан 2020 1132 0
Қоғам

«ЖЫЛ ВОЛОНТЕРІ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен волонтерлар жылының жабылу салтанаты өтті. Онлайн өткен іс-шараға Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Нәжімеденұлы Есқалиев пен өңірімізді волонтерлар қатысып, үздіктері марапатталды. ⠀

Жыл аясында елдегі еріктілік қозғалыстың қарқыны өсіп, волонтерлік акциялардың саны бірнеше есеге артқан. Волонтерлар жылының қорытындысы ретінде  жарияланған «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығын иелену үшін еліміздің түкпір-түкпірі және шетелдерден 768 өтінім келіп түсіп, екі іріктеу кезеңінен сүрінбей өткен қатысушылардың ішінен тәжірибелі қазылар алқасы «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығының 48 жеңімпазын анықтады. Олардың қатарында қазақстандықтармен қатар ресейлік және қырғызстандық волонтерлар да бар.
⠀ Облыс әкімі Ғали Нәжімеденұлы байқау қорытындысы бойынша анықталған «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығы және «Жомарт жүрек» сыйлығының иегерлеріне марапаттарын табыстады.⠀
Айта кетсек, «Үздік әлеуметтік көмекші» номинациясының иегері «Волонтеры солнечного Уральска» волонтерлік тобының жетекшісі Ғалия Беккужиева, «Төтенше жағдайды жоюға белсенді қатысқаны үшін» номинациясының жеңімпазы Дулат Мақатов, «Құқық бұзушылық құрбандарына көмек көрсетуге белсенді қатысқаны үшін» номинациясының жеңімпазы Мадина Құспанова, «Салауатты өмір салтын насихаттауға белсенді қатысқаны үшін» номинациясының жеңімпазы Санжар Әжімұрат, «Бейбітшілікті, достық пен келісімді нығайтуға қосқан үлесі үшін» номинациясының жеңімпазы Талғат Чудобаев, «Тарихи-мәдени мұраларды сақтауға және дамытуға қосқан үлесі үшін» номинациясының жеңімпазы «Ғылыми зерттеулерді қолдау қоры» жеке қорының жетекшісі Айболат Кұрымбаев, «Жануарларды қорғау мәселелерін шешуге қосқан үлесі үшін» номинациясының жеңімпазы «Хатико» жануарларға арналған баспананың жетекшісі Әсел Садықова, «Әлеуметтік міндеттерді шешуге қосқан үлесі үшін» номинациясының жеңімпазы «Біз біргеміз» волонтерлік тобының жетекшісі Айнұр Әліпқалиқызы республика бойынша үздік деп танылды.
Сонымен қатар қайырымдылық пен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арқалап, еліміздің дамуы мен өркендеуіне үлес қосып жүрген жаны жомарт жандарды көтермелейтін дәстүрлі «Жомарт жүрек» сыйлығы Құдайберген Сұлтанияровқа табысталды.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
358 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
444 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
501 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
513 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
563 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
786 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
814 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
765 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
716 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
759 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
942 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»