8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
13 Қараша 2020 943 0
Қалалықтар қаперіне

«ЖЫЛ ВОЛОНТЕРІ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЫЙЛЫҒЫ ҮШІН КОНКУРС ЖАРИЯЛАНДЫ

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасы бойынша «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығы тағайындалды. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі волонтер жылын жүзеге асыру шеңберінде «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығын тағайындауға арналған конкурс өткізеді.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі хабарлағандай, халықаралық сыйлық әлеуметтік және қоғамдық пайдалы міндеттерді шешуге үлес қосқан волонтерлер мен волонтерлер тобын, отандық және халықаралық волонтерлік ұйымдарды көтермелеуге бағытталған.

Байқауға үміткерлер әлемнің түкпір-түкпірінен қатыса алады. Ол үшін qazvolunteer.kz интернет-платформасында өтінім беріп, волонтерлік қызметі туралы деректерді толтыру қажет. Өтінімдерді қабылдау 2020 жылғы 26 қазан сағат 09.00-ден басталады және 2020 жылғы 15 қараша сағат 09.00-ге дейін жалғасады.

Байқау екі кезеңде өтеді:

бірінші – qazvolunteer.kz интернет-платформасында ашық онлайн-дауыс беру,

екінші – ең көп дауыс жинаған және екінші кезеңге өткен қатысушыларды Конкурстық комиссия бағалайды.

Нәтижесінде келесі номинациялардың әрқайсысы бойынша үш үміткер жеңімпаз болып танылады:

  • «Үздік волонтерлік ұйым»
  • «Корпоративтік волонтерлік көшбасшысы»
  • «Коронавирустық инфекциямен күреске қатысқаны үшін»
  • «Тұрақты даму мақсаттарының көшбасшылары»
  • «Үздік әлеуметтік көмекші»
  • «Төтенше жағдайларды жоюға белсенді қатысқаны үшін»
  • «Хабар-ошарсыз кеткен адамдарды іздеуге белсенді қатысқаны үшін»
  • «Құқық бұзушылық құрбандарына көмек көрсетуге белсенді қатысқаны үшін»
  • «Денсаулық сақтауды дамытуға белсенді қатысқаны үшін»
  • «Салауатты өмір салтын насихаттауға белсенді қатысқаны үшін»
  • «Білімді дәріптеуге қосқан үлесі үшін»
  • «Қоршаған ортаны сақтауға және қорғауға қосқан үлесі үшін»
  • «Бейбітшілікті, достық пен келісімді нығайтуға қосқан үлесі үшін»
  • «Тарихи-мәдени мұраны сақтауға және дамытуға қосқан үлесі үшін»
  • «Зоологиялық қорғау мәселелерін шешуге қосқан үлесі үшін»
  • «Әлеуметтік міндеттерді шешуге қосқан үлесі үшін».

«Жыл волонтері» халықаралық сыйлығын беру қағидалары ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурстарында орналастырылған.

Конкурстың толық шарттарымен келесі сілтеме бойынша танысуға болады:  ttps://www.gov.kz/memleket/entities/qogam/documents/details/77386?lang=kk

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
358 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
444 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
501 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
513 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
563 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
786 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
814 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
765 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
716 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
759 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
942 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»