8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
17 Қыркүйек 2019 2687 0
Қоғам

ЖОЛДАУҒА ҚОЛДАУ БІЛДІРДІ

 «ҚазИИТУ» ғылыми-білім кешенінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстық департаментінің ұйымдастыруымен өткен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Cындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауын талқылау аясындағы дөңгелек үстелде сөз болды.

Жиында Жолдауда көрсетілген қоғам мен мемлекет арасында сенімді қарым-қатынас құру, мемлекеттік органдармен өтініштерді қараудың сапасы, жастарды мемлекеттік қызметке тарту жайттары кеңінен талқыланды. Дөңгелек үстелді жүргізген ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО бойынша департаментінің басшысы Ғалым  Тұрсынбаев бес тараудан тұратын Жолдауда заман талабына сай тиімді мемлекет қалыптастыру мәселесін алға тартқанын, ол әділеттілік, тәуелсіз сот жүйесі, тиімді басқару, либералды демократияны ілгерілету және өткен шақтың құндылықтарына негізделген жаңғыртуларды іске асыру екенін атап өтті. Алдымен сөз алған білім саласында көп жылдық тәжірибесі бар білікті басшы,  «ҚазИИТУ» ғылыми-білім кешенінің құрылтайшысы Ақсерік Әйтімов: – Мемлекет басшысы Жолдауында экономикалық заңдылық, халықты әлеуметтік қамсыздандырудың бірқатар мәселелері, яғни кәсіпкерлікті қолдау, білім сапасын жетілдіру, көпбалалы отбасылардың жағдайын жақсарту, бағаны тұрақтандыру, үкіметтік емес ұйымдардың жұмысын жетілдіру мәселелері көтерілді. «Тиімді шағын және орта бизнес қала мен ауылды дамытудың берік негізі. Микробизнес еліміздегі әлеуметтік, экономикалық және саяси өмірдегі маңызды бөлік болып табылады. Ең алдымен ауыл тұрғындарына тұрақты жұмыс береді, жұмыссыздықты азайтады» деп атап өтті Мемлекет басшысы. Бұл Жолдаудың басқа Жолдаулардан негізгі ерекшелігі мемлекеттің экономикаға көзқарасының түбегейлі өзгеруі. Мұның ішінде мемлекеттің экономикаға әсері мемлекеттік секторлардың бәсекелестік нарыққа көңіл бөлуі, мемлекеттік холдингтер мен ұлттық компаниялардың тиімділігін талдау бойынша мемлекеттік компаниялардың санын азайту туралы берген тапсырмалары экономиканы инклюзивті экономикаға апаратын жол. Бұл қадамдар мемлекетте бәсекелестік нарығын дамытып қана қоймай, шағын және орта бизнестердің дамуына зор үлес қосарына, болашақта ел экономикасын жаңа белестерге жеткізеріне зор сенім бар. Осы орайда Президенттің шағын және орта бизнеске жасалатын жеңілдіктерді қолдаулары мемлекет тарапынан қолдау табарына нық сенімдіміз. Мемлекет дамуы – ол халықтың дамуына тікелей әсер етеді, – дей келіп, қаламен ауыл мектептері арасындағы алшақтық, «Дипломмен ауылға» бағдарламасының аясын кеңейту, дарынды балалардың қабілетін дамыту, жоғары білімнің сапасына көңіл бөлу, түлектердің жұмыспен қамтылу жайы туралы айтып, ең басты көңілге қонымдысы – билік пен халық арасында диалог орнайтыны екенін жеткізді. Бұдан әрі сөз алған «Ақжайық адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Әлия Сәлиева, М.Өтемісо

в атындағы БҚМУ әлеуметтік зерттеулер орталығының жетекшісі, философия ғылымдарының кандидаты Павел Добряев Жолдауда басымдық берілген митингтер туралы заңнаманы жетілдіру мәселесін тарқатса, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының облыстық филиалының профессоры, әлеуметтік ғылымдарының кандидаты Мирболат Нұртазин мемлекеттің басқарудың тиімділігі мен жауапкершілігі, «Мәңгі қазақ елі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Жаннат Танабаева халықпен тиімді кері байланыс орнату жөнінде ой өрбітті.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
361 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
446 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
503 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
515 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
565 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
304 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
788 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
816 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
767 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
718 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
762 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
945 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»