8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
28 Сәуір 2022 1620 0
Қалалықтар қаперіне

Жолдардың жұмысымен танысты

 

Бүгін Орал қаласының әкімі Миржан Сатқанов қала жолдарының ахуалын бақылап, жол құрылысына жауапты мердігер компаниялардың басшыларымен кездесті.
Қала әкімі алдымен Әбілқайыр хан даңғылы бойындағы «Циолковский» аялдамасынан “Об­лыс­тық зағип және нашар көретін азаматтар қоғамына” дейінгі тротуар салу жұмыстарын қадағалады. Бұл жолдың жұмысына жауапты “Адал Арна” ЖШС мердігер мекемесінің басшысымен кездесіп, негізгі мәселерді талқылады.
Бұдан кейін жол жөндеу жұмыстары басталған Деркөл кентіндегі Сарыарқа шағын ауданына барды. Өткен жылы аталмыш шағын ауданның жалпы ұзындығы 9,6 шақырымды құрайтын 6 көшесіне жол салынды. Биыл аталмыш жол құрылысына 1 млрд.теңге қаражат бөлініп, жол салу жұмыстары жалғаспақ.
Зашаған кентінің Айтқұлов көшесінде “Орал жолдары” ЖШС мердігер мекемесі ағымдағы жол жөндеу жұмыстарын қолға алса, «Ануш Құрылыс” ЖШС компаниясы Мұсағалиев, Дәуқара батыр көшелеріне ұзындығы 1208 метр жол салу жұмыстарын жүргізуде. Оларға шаһар басшысы жұмыстарды сапалы орындау қажеттігін міндеттеді.
Содан кейін Қамбар батыр, 6 мекенжайындағы аулаларға асфальт төсеу мен ұзындығы 1900 метр болатын арық жүйесінІң құрылыс жұмыстарын тексерді.
Сонымен қатар кентте “25-ші Чапаев дивизиясы” көшесін күрделі жөндеу жұмыстары өткен жылы басталған болатын. Жалпы ұзындығы – 700 метр. 2021 жылы асфальттің бірінші қабаты төселсе,
биыл аталан жоба бойынша жұмыстар аяқталады.
Қаладағы жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан нысандарды аралап шыққан шаһар басшысы жауапты мекеме басшылары мен мердігер ұйымдарға бірқатар тапсырмалар жүктеді.з

Өз тілшіміз

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
353 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
441 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
498 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
509 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
559 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
302 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
779 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
809 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
760 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
712 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
756 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
938 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»