8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
15 Маусым 2024 3074 0
Қалалықтар қаперіне

«Жолда қабылдау» акциясы өтуде

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің тапсырмасы бойынша ағымдағы жылғы 14 және 15 маусым күндері облыс көлемінде «Жолда қабылдау» республикалық акциясы өтуде.


Акцияның мақсаты – жол қауіпсіздігін насихаттау, сондай-ақ азаматтарға заңнаманы түсіндіру болып табылады.
Бұл іс-шараға департамент бастығының бірінші орынбасары Акшауов Болатбек Ысқақұлы және Әкімшілік полиция басқармасы, жергілікті полиция қызметі, Көші-қон қызметі басқармасының басшылығы мен қызметкерлерінен тұратын мобильді топтар қызмет көрсетуде.
Акцияның екі күнінде Орал қаласы бойынша 50-ден астам азамат келіп жүгінді.

Азаматтардың көптеген сауалдары көлікті тіркеу, жүргізуші куәлігін ауыстыру, азаматтық алу, жол белгілерін жаңарту, айыппұлдар төлеу туралы, азаматтардың айыппұлдарын тексертуі, жол қауіпсіздігі мәселелері, мектеп жанында жүретін қаңғыбас иттердің оқушыларға келтірер қауіптілігі туралы болды. Бірқатар сұрақтар сол сәтте тексеріліп, айыппұлдарының бар-жоғы айтылып, құзыретімізге жататын сұрақтардың барлығы дерлік бақылауға алынды.

Сондай-ақ, әлеуметтік желідегі ведомстволық парақша арқылы «тікелей эфир» жүргізілді. Тек әлеуметтік желілерде қойған сұрақтарға ғана жауап беріле қоймай, қауырт желі арқылы түскен сауалдарға да жауап берілді. Акциямен қатар, учаскелік полиция инспекторлары шағын аудан тұрғындарымен кездесіп, олардың сұрақтарына толыққанды жауап берді.

Акция кезінде арнайы жақындап, алғыс айтушылар да болды. Сондай бір жылы көрініс сыйлаған 5 жасар бүлдіршін қыз үйінің терезесінен сақшылардың жұмысын бақылап отырып, өз ойын сурет арқылы білдіріп, анасы екеуі қабылдауда отырған полицейлерге алғыс айтып, салған суретін табыстады.

Бұл акция халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және полицияға деген сенім деңгейін арттыру мақсатында өткізіліп отыр.

БҚО ПД баспасөз қызметі

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
352 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
440 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
496 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
508 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
557 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
301 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
777 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
808 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
759 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
711 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
755 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
937 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»