8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
12 Қазан 2023 3952 0
Қалалықтар қаперіне

Жолақы талқыланды


Бүгін, қазанның 12-сі күні қалалық әкімдіктің мәжіліс залында қоғамдық кеңестің отырысы болды. Жиынды ашып жүргізген қалалық кеңестің төрағасы Бауыржан Атауов күн тәртібіндегі қаралатын мәселелермен таныстырды.

Алдымен сөз сөйлеген Орал қаласы әкімінің орынбасары Асхат Құлбаев қала аумағындағы жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифтерін белгілеу жөнінде баяндады. Бұдан кейін қаладағы стационарлық емес сауда обьектілерін орналастыру орындарын және маршруттарын айқындау, бекіту туралы қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Мейрам Хайров хабарлама жасады.

Жол ақысы жөнінде талқыланған мәселе бойынша қоғамдық кеңестің мүшелерінің пікірлері екі тарапқа бөлініп, нәтижесінде дауысқа салу арқылы қала ішіндегі автобустың жолақысы 120 теңге болады деген шешімге тоқталды.

Ал студенттерге арнайы жолақысының картасы даярланса, халықтың мынадай топтары тегін жол жүруге құқылы: «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, бірінші және екінші дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы аналар. Жеті жасқа дейінгі балалар, бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар, ҰОС ардагері, Чернобыль атом электр станциясындағы зардаптарды жоюға және басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан азаматтарға жеңілдік болтыны айтылды.

Осы шешім қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі ,- деді қала әкімінің орынбасары Асхат Құлбаев.

Гүлжан АЯЗБАЕВА

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
353 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
441 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
498 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
509 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
559 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
302 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
779 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
809 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
760 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
712 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
756 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
938 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»