ЖОЛ САПАСЫНА МОНИТОРИНГ ЖАЛҒАСУДА
Жол құрылысы саласындағы сыбайлас жемқорлықты жою бойынша «Сапалы жол – Адалдық алаңы» жобасын іске асыру шеңберінде «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК облыстық филиалының мамандарымен «Ақжайық – адалдық аланы» жобалық кеңсесімен бірлесіп жол сапасына мониторинг жүгізуде.
27 мамырда Ақжайық ауданының Алғабас ауылының кіре беріс жолының күрделі жөндеу обьектісінде жүргізіліп жатырған жөндеу жұмыстарына мониторинг жүргізілді. Мониторинг барысында қысқы пайдаланудан кейін асфальтбетон қоспасының қабыршақтануы және үгітілуі анықталды.
Сонымен қатар, атқарылған жұмыстардың сапасын тексеру мақсатында, «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК облыстық филиалының мамандарымен тиісті сараптама үшін керн сынамасына іріктеу жүргізілді.
Осы жобаның міндеттерінің бірі белсенді азаматтық ұстанымы бар қоғам мүшелерімен өзара іс-қимыл кезінде жол құрылысының барысын қоғамдық бақылауды және ашықтықты қамтамасыз ету болып табылады.
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Президент: «Мұндай маңызды шешім кең ауқымды талқылау арқылы қабылдануға тиіс»
Медициналық технологиялар және биоресурстар: БҚО мен Қытай компаниясының бірлескен жобасы талқыланды
Бүгін Қазақстан мен Еуропалық одақ визалық режимді жеңілдету туралы келіссөздерді бастайды

Кіру
Пікір үстеу