ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАСЫНАН ҮШ АДАМ ЗАРДАП ШЕКТІ
Трассалық-медикалық құтқару пунктінің қызметкерлері жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен үш адамды құтқарды.

Оқиға 5 тамыз күні болған. Түнгі сағат 01.55-те «Чапаево» трассалық медикалық-құтқару пунктінің кезекшісіне «Орал-Атырау» тас жолының 180 шақырым шамасында жол-көлік оқиғасы орын алғаны туралы хабарлама келіп түскен.
Мәлім болғандай Volkswagen Polo автокөлігі аударылған. Көлік жүргізушісі қатты жылдамдықта келе жатып, көлікті басқара алмай қалғаны анықталды. Оқиға болған сәтте автокөлікте үш адам болған.
Құрамында фельдшерлер Бекболат Кұрманғалиев және Райымбек Тыныбеков, құтқарушы Нұрлыбек Мұратов, құтқарушы-жүргізуші Құдайберген Есенов бар жедел көмек көрсету бригадасы зардап шеккен 3 адамға соның ішінде, 1 балаға жедел медициналық көмек көрсетті. Жәбірленушілер ауруханаға жеткізілді.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Президент: «Мұндай маңызды шешім кең ауқымды талқылау арқылы қабылдануға тиіс»
Медициналық технологиялар және биоресурстар: БҚО мен Қытай компаниясының бірлескен жобасы талқыланды
Бүгін Қазақстан мен Еуропалық одақ визалық режимді жеңілдету туралы келіссөздерді бастайды

Кіру
Пікір үстеу