8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
23 Қазан 2019 1445 0
Өзек

ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАЛАРЫНЫҢ 70 ПАЙЫЗЫ ШЕТЕЛДІК КӨЛІКТЕРДІҢ ҚАТЫСУЫМЕН БОЛАДЫ

Жыл басынан бері Оралда 118 жол-көлік оқиғасы орын алған. Салдарынан 34 адам көз жұмып, 151 азамат түрлі деңгейдегі жарақат алыпты. Бұл туралы бүгін Орал қаласы әкімдігінде өткен брифингте айтылды.

Орал қалалық полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары, полиция майоры Жәнібек Дүйсемов  жол-көлік оқиғаларының көбеюіне ауа-райының қолайсыз болуы, көліктердің көбеюі себеп екенін айтты. Мәселен, осыдан он жыл бұрын облыс аумағында 133 мыңнан астам көлік тіркелген болса, қазір қаланың өзінде 143 526 көлік бар.

– Жылдамдық режимін тіркеу құрылғыларының алынып тасталуы да жол-көлік оқиғаларының артуына себеп болды деп айта аламыз. Өйткені әр үшінші жол-көлік оқиғасы жылдамдық асырудың себебінен болады.  Мысалы жылдың алғашқы алты айында 66 жол-көлік оқиғасы орын алып, 13 адам көз жұмған болса, одан кейінгі төрт айда 48 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 21 адам көз жұмды. Мамыр айында патрульді полиция батальонының қайта ұйымдастырылуына байланысты жол полициясы қызметінің штатында 46 полицейдің жетіспейтіні анықталды.  Қазір қала аумағындағы жол қауіпсіздігін бақылауға алу үшін тәулігіне 100 қызметкер шығуы тиіс болса, іс жүзінде 50 қызметкер ғана шығып жүр. Яғни, қаланы толықтай қамти алмайды, – деді жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Ж.Дүйсемов.

Сондай-ақ Жәнібек Рахымұлының сөзіне сүйенсек, орын алған жол-көлік оқиғаларының 70 пайызы Ресей мен Армениядан әкелінген көліктердің қатысуымен болады екен. Тіптен ол көліктің иелері оқиға орнынан бой тасалауға бейім. Шетелден әкелінген көліктер еш жерде тіркелмегендіктен, оларды заңды түрде жауапқа тарту әзірге мүмкін болмай тұр.

Эльмира НҰҒМАНОВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
357 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
443 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
500 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
512 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
562 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
784 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
813 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
764 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
715 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
758 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
941 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»