8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
11 Қараша 2019 2008 0
Қоғам

«ЖЕТІ РУХАНИ ҚАЗЫҚ» РУХАНИ ТҰҒЫРНАМАСЫ НАСИХАТТАЛУДА

Жуырда елордасы Нұр-Сұлтан қаласында ІІІ республикалық Имамдар форумы өткен болатын. 500 имам қатысқан бұл ауқымды шарада Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы «ҚМДБ құрылымындағы діни лауазымдар тізілімі және міндеттері», «Жеті рухани қазық» Қазақстан мұсылмандарының рухани тұғырнамасы», «Дін қызметкерлері атқаратын діни рәсімдер тізілімі» секілді 3 құжат қабылдаған болатын.

Қазіргі таңда Орал қалалық Тәжиден Батырұлы мешітінің имамдары «Жеті рухани қазық» тұғырнамасын халыққа кеңінен түсіндіру жұмыстарын бастап кетті. Мешіт имамдары кездесулерде форумда қабылданған құжат «Жеті рухани қазық» тұғырнамасына жан-жақты сипаттама беріп, құжаттың маңыздылығына тоқталуда.   Күні бүгін тұғырнаманы кеңінен түсіндіру мақсатында қалалық мешіт имамдары  Орал  медресесінің шәкірттеріне, қалалық мешіт жамағатына, сонымен қатар жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары беттеріне мақалалар жариялап, радиоларға сұхбат берді.

Жалпы тұғырнама әрбір мұсылман адамның бойынан табылатын негізгі жеті қасиетті – имандылықты, отаншылдықты, білімге құштарлықты, бірлікқұмарлықты, еңбекқорлықты, мәдениеттілікті және әділдікті қамтиды. Адамның бойында бұл қасиеттердің бірі болса, екіншісі болмауы мүмкін. Сондықтан бұл құжат қазіргі уақытта керек дүние. Болашаққа жетелейтін бұл қасиеттерді насихаттау, ұлттық болмысымызға сіңіру – Ұлы дала халқының рухани жаңғыруына жол ашары сөзсіз.

 

Тәжиден Батырұлы мешітінің баспасөз қызметі

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
361 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
446 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
503 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
515 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
565 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
304 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
788 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
816 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
767 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
718 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
762 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
945 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»