8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
22 Шілде 2020 1252 0
Өзек

ЖАЗАСЫН ӨТЕП ШЫҒЫП, ТАҒЫ ДА ҚЫЛМЫС ЖАСАҒАН

Осыдан бір күн бұрын Орал қаласы Полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілдері 4 көлікті қуып айдап кеткен, 2 көлікті айдап кетуге мүмкіндігі келмегесін, салон ішін тонаған күдіктіні ұстады. Ол қала ішінде кезекті көлік тонау барысында құрықталды.

Тәртіп сақшылары Бәйтерек ауданының 1994 жылғы А. есімді тұрғыны бұған дейін де 10, 15 көлікті айдап кету қылмысымен істі болып, жазасын өтеп шыққан тұлғаның қайтадан дәл осындай әрекетке барғанын айтты. Нақтырақ айтсақ,  17 шілдеде түнгі сағат 02.00-де қала орталығындағы бір көшенің ауласында тұрған «Ауди» маркалы көліктің есігін бұзып ашқан. Салондағы 38 мың теңгені және «Самсунг» маркалы ұялы телефонды, өзге де жеке мүліктерді ұрлап, оқиға орнынан тығылып үлгерген. Таңертеңгі сағат тоғызда есік алдына шықан көлік иесі темір тұлпарының қойған орнында жоқ екеніне көзі жетіп, полицияға шағымданды. Оған 68 мың теңге материалдық залал келді. Ұсталған күдікті ақшаны өз қажетіне жаратып, жойып жібергенін, көліктерді айдап кеткенін мойындады.
Қазіргі күні Орал қалалық Полиция басқармасы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 200-бабымен қылмыстық іс қозғады. Ұсталған күдіктінің 6 қылмыс жасағаны дәлелденіп, басқарманың уақытша ұстау изоляторына қамалды. 6 эпизодты қылмыстық іс тергелуде.
Ал 4 көлік өз иелеріне берілді. Яғни, полиция қызметкерлері табылған автокөліктерді иелеріне кері қайтарды.

Орал қаласы Полиция басқармасының баспасөз қызметі

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
357 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
443 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
500 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
511 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
562 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
784 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
813 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
764 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
715 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
758 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
941 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»