8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
20 Қазан 2022 2259 0
Жалын

Жастар бастамасын дамыту орталығының «екінші тынысы» ашылған күн болды

Республика күні қарсаңында Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде облыс әкімі Ғали Есқалиевтің қатысуымен салтанатты іс-шара өтті. Өңір басшысы өз жұмысын кеңейтілген мүмкіндіктермен жалғастырып жатқан «Жастар бастамасын дамыту орталығының» қызметімен танысып, ұлттық құндылықтарды насихаттауға бағытталған «Жеті қазына» жобасы аясындағы жас күйшілер байқауын тамашалады.
Алдымен облыс басшысы Ғ.Есқалиев пен университеттің басқарма төрағасы-ректор Асқар Наметов қосалқы ғимаратта жұмысын бастаған «Жастар бастамасын дамыту орталығының» лентасын қиып, салтанатты рәсімін жасады. Қонақтар өнерлі, талантты, дарынды студент-жастарды даярлайтын «Жастар бастамасын дамыту орталығының» тың бастамаларымен танысып, жаңадан ашылған «Жастар бөлмесін», «Дыбыс режиссері» мен «Ұлттық музыкалық аспаптар» және гримдеу бөлмелерін, ұлттық және заманауи би залдарын, «Мәдениет және өнер» студиясын, «Жәңгір хан» спорт клубын аралады. Облыс әкімі жоғары кәсіби білім ала жүріп, өнер мен спортты жандарына серік еткен жастармен, спортшылармен аз-кем тілдесіп, өнерлерін көрді.
Бұдан әрі облыс басшысы «Жеті қазына» жобасының «Ұлы дала ғажайыптары» бағыты бойынша өткізілген «Күй – тектілік тереңі» атты жас күйшілер байқауын тамашалады. Байқауда алдымен сөз алған Ғали Нәжімеденұлы:
– Жәңгір хан университетінде жастардың бастамасын дамытуға арналған арнайы орталықтың болуы – көңіл қуантарлық жағдай. Еліміздің әр аймағында «Жеті қазына» жобасы аясында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып жатса, соның төрт бағытын осы университет қабырғасында жүзеге асыру да – жақсы бастама. Бүгін көптеген оңды өзгерістердің куәсі болдық. Облысымыздың ауылдарынан, өзге өңірлерден біздің қаламызға білім қуып келген студент-жастар бос уақыттарын тиімді ұйымдастырып, өнер немесе спорт бойынша өзі қалаған іспен айналыса алады. Мен осы жоғары оқу орнынан білікті маман, еліміздің дамуына үлкен үлес қосатын тұлғалар шығарына сенімім мол, – дей келе, университет ұжымы мен білім алушыларды Республика күнімен құттықтады.
«Жеті қазына» жобасы аясындағы күйшілер байқауына бес институттың үміткерлері қатысып, жеке және топтық күй орындау шеберліктерін сынға салды. Еске сала кетсек, ел көлемінде бастау алған «Жеті қазына» жобасы алдағы жылдың наурыз айында қорытындыланады.

БҚАТУ медиа орталығы

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
352 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
440 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
496 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
508 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
558 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
301 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
777 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
808 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
759 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
711 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
755 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
937 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»