Жастарға жігер берген форум
Бүгін,желтоқсанның 11 күні Салтанат сарайында Жұмысшы мамандықтар жылына орай, жастарды еңбек нарығындағы жаңа мүмкіндіктермен таныстыру мақсатында Орал қалалық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен, «ORAL JASTARY» :Еңбек мамандары алаңы» атты тақырыпта жастар форумы өтті. Форумда Орал қаласы әкімінің орынбасары А.Тапишев жігерлі жастар өз мүмкіндіктерін соңына дейін пайдаланып, қабілетін саналы түрде қолдана білу керек десе, «Отбасы» банк АҚ БҚО филиалының директоры Н.Калишанов тұрғын үйді алудың мол мүмкіндіктері, түрлі бағдарламалардың пайыздық мөлшері туралы түсінік беріп, жастардың алаңсыз жұмыс жасауына жағдай жасайтыны туралы баяндады. Сондай – ақ БҚО білім басқармасының техникалық және кәсіптік бағдар беру бөлімінің басшысы З.Ғұмарова өңірде барлығы 35 колледж болса, оның 22- сі Оралда екенін айтып, бүгінде 15238 студент білім алып жатқанын жеткізді. Шараның соңында қатысушылар тарапынан қойылған сауалдарға сөйлеушілер жауап берді.Бұдан соң жұмысшы мамандықтар бойынша өткен байқау қорытындысы бойынша анықталған үздіктерді Орал қаласы әкімінің орынбасары А.Тапишев марапаттап,Орал қаласы әкімінің Алғыс хаты мен «Жыл үздігі» статуэткасын табыстады.
«Жайық үні» .
Бұл туралы газеттің келесі санынан оқисыздар.
Соңғы жаңалықтар
1,2 млрд теңгенің спорт кешені. Жаңаөмірдегі нысан кімнің қолдауымен салынды?
Президент: «Мұндай маңызды шешім кең ауқымды талқылау арқылы қабылдануға тиіс»
Медициналық технологиялар және биоресурстар: БҚО мен Қытай компаниясының бірлескен жобасы талқыланды
Бүгін Қазақстан мен Еуропалық одақ визалық режимді жеңілдету туралы келіссөздерді бастайды

Кіру