8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
10 Қаңтар 2019 3907 0
Жалын

«ЖАС САРБАЗ» СЫНЫПТАРЫ АШЫЛАДЫ

Мемлекет басшысының 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында Батыс Қазақстан облысы мектептерінде «Жас сарбаз» сыныптары ашылады.

БҚО білім басқармасы басшысы Шолпан Қадырова облыста оқушылар мен жастар арасында әскери-патриоттық тәрбиені жетілдіру, «Жас сарбаз» республикалық балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қоғамдық қозғалысының өңірлік филиалдарын құру, әскери-патриоттық клубтарды жұмысын белсендіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлім етті. Сондай-ақ 2019-2020 оқу жылында Орал қаласындағы үш мектепте және аудандардағы мектептерде «Жас сарбаз» сыныптары ашылады. Барлығы 15 сынып ашу жоспарланған.

Жалпы Батыс Қазақстан облысында оқушылардың қабілеттерін ашу, шығармашалықтарын дамыту және талаптарын жүзеге асыруға оңтайлы жағдай жасалған. Облыстағы 57 қосымша білім беру мекемелеріне 53,1% оқушы, мектептердегі түрлі шығармашылық үйірмелерге 36,8% қатысады, қосымша білім берудің  туристік-өлкетану,  экологиялық-биологиялық, көркем, техникалық, эстетикалық, қолөнер түрлерімен облыс оқушыларының 90 пайызы қамтылған.  Оқушылардың денсаулығын арттыру, салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру мақсатында облыс мектептерінде түрлі бағыттағы спорттық секцияларға оқушылардың 43,5 пайызы қатысады. Сонымен қатар, оқушылар арасында спартакиада, мектеп және колледж лигалары, турнирлер, спорттық жарыстар өткізіледі.

Елмұра АСХАТҚЫЗЫ

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
353 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
441 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
497 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
509 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
559 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
301 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
778 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
809 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
760 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
712 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
756 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
938 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»