8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
06 Маусым 2019 9422 0
Жалын

«ЖАС САРБАЗ» ПАТРИОТТАРДЫ ТӘРБИЕЛЕЙДІ

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі ҚР Қорғаныс министрлігі және «Жас сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы республикалық қоғамдық бірлестігі арасында әскери-патриоттық тәрбие ісі саласындағы және өзара іс-қимыл туралы үшжақты меморандум жасалды.

Елбасы Н.Назарбаев 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауында «Жас сарбаз»  балалар-жаөспірімдер бірлестігін құру басым бағыттардың бірі ретінде тапсырды. Былтыр ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Қарулы күштердің Ұлттық әскери-париоттық орталығында өткен іс-шарада республикалық жасөспірімдер қозғалысы құрылып, Н.Назарбаев қозғалыстың құрметті төрағасы болып тағайындалды. Осы шарадан соң оқушылар мен жастар арасындағы әскери-патриоттық тәрбиені күшейту, оның ішінде «Жас сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестіктің өңірлік филиалдары құрылып, нақты жұмыс басталды.

– ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасы әр сарбазды жігерлендіре отырып, айбынды әскер құрғанын атап өтті. Бүгінде біздің Күштік құрылымдарымыз заманауи техника мен технологияны меңгерген. Олар кез келген қауіп-қатерге қарсы соққы бере алатын айбынды әрі мобильді күшке айналды.  Енді біздің міндетіміз – «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысын дамыту арқылы ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру, – деп атап өтті жиынды ашқан облыс әкімі Алтай Көлгінов.

Бүгінде елімізде 6 мыңға жуық әскери-патриоттық клуб және әскери-патриоттық сыныптар ашылған. «Жас сарбаз» қозғалысы қазір 170 мыңдай өренді біріктіріп отыр. Жиында ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев әскери-патриоттық тәрбиені күшейтудің маңыздылығын атап өтті.

– Біздің алдымызда өсіп келе жатқан жасөспірімдерді әскери-патриоттық қызметімізге көбірек тарту міндеті тұр. Біріншіден, өскелең ұрпақ әскери іс туралы базалық білім алуы керек. Олар физикалық дайындалған еліміздің патриот азаматы болып өсуі тиіс. Екіншіден, елімізде әскери білім алған резерв болуы керек. Үшіншіден,  жастар бос сенделіп жүрмей, спортпен айналысып, техниканы, ақпараттық-технологияны меңгеріп өссе, бәсекеге қабілетті ел боламыз. «Мәңгілік ел» жастарының болашағы баянды, ұлы дала әскері қуатты болсын, – деген Нұрлан Байұзақұлы облыс басшысы Алтай Сейдірұлының адал, абыройлы еңбегімен еліміздің дамуына үлес қосып келе жатқанын, өңірде жастарға арналып салынып жатқан әлеуметтік нысандар өскелең ұрпақты әскери-патриоттық тәрбиелеу ісінде маңызы зор екенін атады. Сондай-ақ министр өңірдің ауылдық елдімекендерінде әскери-патриотық сыныптардың ашылуына және тиісті педагогикалық кадрлармен, материалдық-техникалық құралдармен, тәрбиеленушілердің бірыңғай әскери-патриоттық формамен жабдықтауға қолдау көрсетуді сұрады.

БҚО әкімі Алтай Көлгінов министрдің ұсынысын қолдайтынын және әскери-патриоттық қозғалыс жұмысын кеңінен насихаттау, ауылдық аймақтарда клубтар мен сыныптар ашу, материалдық-техникалық жабдықтармен қамту жергілікті әкімдіктермен бірге іске асырылатынын жеткізді.

«Жас сарбаз» клубтарына 5-9 сынып аралығындағы денсаулығы бойынша тексеруден өткен, білім мен спортта белсенді жасөспірімдер қабылданады. Сүзгіден өткен таңдаулылар жинақталған «Жас сарбаз» сыныптарының сабақтары қосымша оқу ретінде жүргізіледі. Оқу курсын аяқтаған соң тәрбиеленушілерге сертификаттар беріледі. Бұл болашағын әскери саламен байланыстыруға ниетте жастарға оң септігін тигізері анық.

– Мақсатымыз – жастардың бойында Отан алдындағы қасиетті парызын оятуға, өз еліне, жеріне ғана қызмет етіп қоймай, елдің болашағын тәрбиелеу. Қазір облысымызда 277 «Жас сарбаз» клубтары жұмыс жасауда. Онда 97 мың тәрбиеленуші жинақталған.  Олар өңірдегі әскери-патриоттық шараларға қатысып, белсенділіктерін танытып жүр. 14 маусымнан бастап жеткіншектеріміз республикалық «Айбын» жарысына қатысады.  Жаңа оқу жылында аудандарда және облыс орталығында жалпы 15 «Жас сарбаз» сыныбы жұмысын бастайды. Жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру әр адамның парызы. Өйткені, әскери-патриоттық тәрбие тек әскери тәртіпке емес, білімге, достыққа, тапқырлыққа жетелейді, – дейді «Жас сарбаз» қоғамдық бірлесітігі БҚО бойынша филиалының төрағасы Шафхат Жұмалиев.

Меморандумға ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев, Батыс Қазақстан облысы әкімі Алтай Көлгінов, «Жас сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы республикалық қоғамдық бірлесітігінің төрағасы Мейірбек Меңдіғалиев қол қойды. Шара соңында Нұрлан Байұзақұлы облыс басшысы Алтай Сейдірұлына «Жас сарбаз» төсбелгісі мен куәлігін табыс етті.

 

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
356 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
443 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
500 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
511 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
561 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
783 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
813 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
764 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
715 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
758 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
941 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»