Жас режиссердің жетістігі
Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында 27 мамыр күні М.Алгожаеваның «Танго» премьерасының үшінші көрсетілімі болды.
Бұл қойылым жаңа толқын, жас драматургия, жас режиссер, театр жастарының шығармашылық жұмысының жемісі. Пьеса авторы Қазақстан мен Ресей театр қайраткерлері ұйымдастырған ең ауқымды «Drama.kz» халықаралық драматургия фестивалінде шығармаларымен танылып жүрген, жаңашыл көзқарастағы,заманауи туындылар жазып жүрген, жас драматург Мия Алгожаева. «Қазақстандық авторлардың пьесалары еліміздегі мемлекеттік және тәуелсіз театрлардың репертуарларынан орын алса» деген ниетте ұйымдастырылатын «Drama.kz» фестивалінің мақсатының орындалғанын көрдік. Себебі, жас драматургтің сиясы кеппеген жаңа шығармасы облыстық театр сахнасында қойылды.
Қойылым режиссері жайықтың тумасы, бүгінгі күні М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрынның режиссер қызметін атқарып жүрген жас режиссер Алмат Шарипов. Режиссер бұған дейін аталмыш театрдың сахнасында М.Баджиевтің «Жекпе-жек», Ә.Кекілбаевтің «Шыңғысхан», А.Чернеевскийдің «Камертон» қойылымдарын сахналаған.
«Танго» мистикалық драмасының көтерген тақырыбы қазіргі таңда өте өзекті. Шығармада бір ананың балаларының қарым-қатынасы суреттеледі. Қойылым ағалы-інілі екеу… Оларды бір-біріне өшіктірген не құдірет? Бауырды бауыр өкпеге қиғанмен өлімге қимаушы еді ғой. Ағайын арасына алауыздық әкелген дүние арғы жаққа өткен соң да маза бермесе ше? деген сұрақтарға жауап іздейді. Ағайынды екі жігіт арасындағы байланыстың нашарлап, алауыздықтың күшеюі көременге ой салады.
Қойылым барысында режиссердің өзіндік қолтаңбасы жарық пен музыкалық сүймелдеуді ұтымды пайдалануы, мизансценалық шешімдері орынды пайдалануынан анық көрініп тұр. Сонымен қатар драмтургпен жие кеңескені, актерлерларды жаңа қырынан ашуға ден қойғаны байқалды. Спектальді музыкамен сүймелдеген – Батыс Қазақстан облыстық камералық оркестірінің артисі Зұлпықар Бейбарыс виолончельді, Құрманғазы атындағы саз колледжінің студенті Ернар Радикұлы скрипканы шебер орындап қана қоймай спектакльдің атмосферасын сезіне отырып, шығарманың көркемдік деңгейін көтеруге айрықша көңіл бөлген.
Әмір рөліндегі Нұржігіт Сейтмаханбетов пен Темір рөліндегі Ринат Сабыргалиев өздерінің тәжірбиелі актер екендіктерін көрсетсе, жас актриса Ару Жасқайрат Айша рөлін өзінің жастық, албырыт, аңғал мінездерді арқылы тартымды ойнай білді. Көпшілік сахнадағы Данагүл Ғинаятова, Ермек Райымбек, Ғаділ Амандық сынды театр актерлері өз кезегінде, табиғи болмасытарына қарама-қайшы рөлдерді шебер орындау арқылы көзге түсті.
Қойылымды жастар жақсы қабылдады. Аталмыш спектакль өзінің көремендерін табатын қойылымдар қатарынан көріне бастағанына бек қуаныштымыз. Театр репертуарынан берік орын алатын қойылым боларына сенеміз.
Әлия Ерболатқызы,
Театртанушы, Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрының әдебиет бөлімінің меңгерушісі
Соңғы жаңалықтар
ОТАНДЫҚ ӨНДІРІСТІ ДАМЫТУ – ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМНІҢ МАҢЫЗДЫ КЕПІЛІ
ТАСҚАЛА АУДАНЫНДА «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ
ӨНДІРІСТЕН РУХАНИЯТҚА ДЕЙІН: ӘДІЛЕТ ПАРТИЯСЫ ӨКІЛДЕРІ ЖАҢАҚАЛАЛЫҚТАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ КАЗТАЛОВ ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН ТАЛҚЫЛАНДЫ
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда

Кіру
Пікір үстеу