8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
07 Ақпан 2019 6452 0
Жалын

ЖАС АҚЫНДАР МҮШАЙРАСЫ ӨТТІ

Жастар жылына орай таланттарды қолдап, шығармашылығын шыңдау мақсатында М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде қазақ филологиясы кафедрасының ұйымдастыруымен университетішілік жас ақындар мүшайрасы өтті. Жыр кешінің шымылдығын қазақ филологиясы кафедрасының меңгерушісі Индира Сағындыққызы мен факультет деканының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ганмиркүн Ганмирханқызы ашып, студент ақындарымызға шығармашылық шабыт пен сәттілік тіледі.

 

Үш кезеңнен тұратын жыр додасында қатысушылар патриоттық тақырыптағы өлеңдерімен елге деген сүйіспеншілігін жеткізумен қатар, Елбасы Жолдауларында көтерілген мәселелерді жырға қосса, «Поэзия – сезімдер патшалығы» атты бөлімде сыр мен сезімге толы туындыларын оқыды. Жыр додасында жас ақындардың әртүрлі тақырыптағы өлеңдері де бір серпілтті. Сонымен қатар ақындарымыз сол жерден берілген сөздерге шумақтар ойлап, өлең құрап, шеберлік пен таным көкжиектерінің кеңдігін таныта алды. Филология факультетінің деканы Әскен Самұратұлы төрағалық жасаған, республикалық айтыстардың жүлдегері, ақын Талғат Мықи мен танымал ән авторларының бірі Орынбек Меңдіқұл қостаған қазылар алқасы жыр сайысына қазылық жасады.

Жыр кешінің қорытындысы бойынша бас жүлдені филология факультетінің 2 курс студенті Асылбекова Алмаш иеленді. Жүлделі I орынды Сламғали Аманжол (филология факультеті), II орынды Бахытжанова Айзада (филология факультеті), III орынды Асан Жақсылық (жаратылыстану-география факультеті) иеленіп, университет ректорының атынан дипломдар табыс етіліп, бағалы сыйлықтармен марапатталды. Рухани-мәдени кеште өзге де студент ақындардың жырлары оқылып, әсем әндер орындалып, көңіл сарайын бір серпілткен тағылымды кештің куәсі болдық.

 Рита Сұлтанғалиева, М. Өтемісов атындағы БҚМУ баспасөз қызметі

 

Жансая Мусина, тәуелсіз сарапшы: Мұндай шаралар жиі өтіп тұру керек деген ойдамын. Жастар шығармашылықтарын осылай шыңдайды. Болашақ үлкен жыр додаларында топ жаруы үшін үлкен дайындық. Студент ақындар бірден жарқ етіп шықпауы мүмкін. Талантты шыңдаса ғана нәтиже әкелері сөзсіз. Жас ақындарымыздың мазмұнды өлеңдерін көріп қуандым.  Өлең құрау техникасы мен көркемдік ерекшелігі де көңіл қуантады. Жастар арасында шынайы рухани жаңғыру осындай тағылымды шаралар арқылы ұлықталады деп ойлаймын.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
356 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
443 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
500 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
511 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
561 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
783 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
813 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
764 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
715 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
758 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
941 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»