8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
15 Ақпан 2021 1200 0
Қоғам

ЖАМАНТАУДЫҢ ТАСЫ МЕН ҚҰМЫ ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫНА ЖАРАМДЫ

Батыс Қазақстан облысында жол құрылысына енді жергілікті өнімдер пайдаланылатын болды. Бөкей Ордасы ауданындағы Жамантау кенішінен алынған қиыршық тас пен құм-қоспасы зертханалық сараптама нәтижесінде жарамды деп танылды. Жер қойнауын пайдаланушы кәсіпорындар өндіріске кірісіп те кетті.

Геологтар мұнда 3 млн. тоннадан астам қиыршық тас және 600 мың тоннадай құм қоспасы барын айтады. Бұған дейін қиыршық тасты Ақтөбе облысынан тасыған мердігерлер енді материалды жақын жерден алатын болды. Әсіресе, Елбасының тікелей тапсырмасымен қолға алынған Қазталов-Жәнібек-Сайхын бағытындағы жолдың құрылысына жауапты компаниялар үшін тиімді. Олар әзірге кеніштен құм қоспасын ғана алып отыр. Ал қиыршық тас өндірісі бойынша бірқатар құжаттама дайындалуда.

Жаңа кен орнының пайда болуы жергілікті халықты жұмыспен қамтуға да серпін берді. «Қазавтожол» ҰҚ» АҚ БҚОФ директорының міндетін атқарушы Елдар Садықтың айтуынша, келешекте аудан орталығынан дайын өнімдер орнын ашу жоспарда. Сонда құрылыс материалдарын қарапайым тұрғындар да сатып ала алады.

– Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарына құм қоспасы алынуда. Ал қиыршық тас Мұғалжар станциясынан алынады. Жамантау кен орнынан алуға осы техникалық қадағалау ұйымы мен авторлық қадағалау ұйымдары қарастырылуда. Қиыршық тасты осы Сайхынға дейін апаруға міндеттеледі,- деді ол.

Айта кетейік, қаңтар айында аталған кен орнында болған облыс әкімі Ғали Есқалиев қиыршық тас пен құмды қиыршықтас қоспаның өңірде өндірудің артықшылығына мән берген болатын. Ғали Нәжімеденұлы атап өткендей, егер бұрын облыстың оңтүстік аймақтарына республикалық маңызы бар жолдарды салу кезінде қиыршық тас пен құмды-қиыршықтасты қоспа Ақтөбе облысынан әкелінген болса, онда кен орны жұмысының арқасында жергілікті өнім қажетті көлемді толық қамтамасыз етеді, ал оның жұмыс орнына жеткізілуімен оның құны арзан болады.

Айнара ИСА, 

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
357 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
443 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
500 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
511 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
562 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
783 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
813 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
764 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
715 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
758 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
941 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»