8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
21 Сәуір 2020 1413 0
Өзек

ЖАЛҒАН БАНК ҚЫЗМЕТКЕРІ ӨЗІНЕ 1 МЛН. 440 МЫҢ ТЕҢГЕ АУДАРТЫП АЛҒАН

Орал қаласында өзін банк қызметкері ретінде таныстырған алаяқ
62 жасар әйелді алдап соғады.

Орал қалалық Полиция басқармасының кезекші бөліміне сәуірдің 17-сі күні алаяқтық фактісі туралы хабарлама келіп түседі. 62 жасар әйелге белгісіз ер адам хабарласып, өзін «Каспий банкінің» қауіпсіздік қызметінің қызметкері ретінде таныстырған.  Адамның сеніміне кірген қаскүнем әйелге қайдағы бір алаяқтар оған несие толтырмақшы деп айтып, оның орнына өзі несие алып бере алатынын түсіндіреді. Алдымен әйел әлгі қудың сөзіне сене қоймаған. Алайда алаяқ айтқанынан қайтпай, оның телефон нөмірі қолдау көрсету қызметінің нөмірімен сәйкес келетінін, тек коды өзге деп түсіндіреді.
Айлакердің сөзіне сенген ол өзіне несие алып, артынан қызына да толтыртады. Мұнымен қоймай жігіт оның депозиті бар-жоғын сұрап, ондағы бар ақшаны «сенімді шотқа» аударуға кеңес береді. Әйел барлық айтқанын мүлтіксіз орындайды.
Соңында әйел алаяққа жалпы 1 млн. 440 мың теңге көлемінде ақша аударып жібереді.
Аталған факті бойынша қылмысты ашу бағытында Орал қ. ПБ ҚК-нің 190-бабы 2-бөліміне (Алаяқтық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Осыған ұқсас жағдай наурыздың 30 күні Орал қаласының 31 жасар тұрғыны да алаяқтың қармағына ілінді. Ол онлайн түрде несие алып беремін деген алаяққа сеніп, «Kaspi.kz» қосымшасы арқылы 56 700 теңге көлемінде ақшасын аударып жіберген.
Полиция қызметкерлері алаяқтардың айла-амалдарына бой алдырмауға және банктік картаңыздағы деректерді біреуге бермеуге кеңес береді. Егер сіздің шотыңызға қатысты проблемалар болса, бұл мәселені ешқашан телефон арқылы шешпеңіз, банкіңіздің жақын жердегі бөлімшесіне хабарласқаныңыз дұрыс.
Сенетін адамдарға 16 таңбалы карта нөмірін беруге болады. Бұл сізге басқа банк картасынан аударым жасау үшін жеткілікті.

Төменде көрсетілген деректемелерді ешкімге айтпаңыз және хаттар мен SMS-терде көрсетпеңіз: банк карта иесінің аты-жөні, қолданылу мерзімі, CVV-нің үш таңбалы нөмірі, сондай-ақ төлемдер мен аударымдарды растау үшін PIN және SMS кодтары.

Интернет арқылы төлеген кезде, карта туралы мәліметтерді көрсетпес бұрын сайт мекен-жайының дұрыс және қосылым қауіпсіз екенін тексеріп алғаныңыз жөн.

БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
361 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
446 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
503 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
515 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
565 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
304 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
788 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
816 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
767 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
718 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
762 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
945 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»