8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
12 Қыркүйек 2021 5193 0
Жалын

ЖАЙДАРМАН: ОРАЛ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ЖҮЛДЕСІН «АҚЫРАП 25» ИЕЛЕНДІ

«Қала күні» мерекесі аясында Орал қаласы әкімінің кубогы үшін ұйымдастырылған республикалық Жайдарман фестиваліне 13 команда қатысты.

Қазіргі таңда КТК ойындары – жастарға тек көтеріңкі көңіл-күй сыйлап қана қоймай, қоғамдағы ойларды, әлеуметтік мәселелерді әзіл арқылы қозғап, жастардың көкейіне ой салуға және ең бастысы мемлекеттік тілдің мәртебесінің көтерілуіне жаңаша ықпал етіп келе жатқан жоба. Шаһар басшысының арнайы кубогын сарапқа салған әзіл-қалжың тартысына жалпы 13 топ қатысты. Олардың арасында республикалық жоғары және премьер-лигада өнер көрсетіп жүрген белгілі топтар да, әзіл сахнасына жаңадан тәй-тәй басқан құрамалар да бар. Солардың қатарынан жаңақалалық мектеп оқушыларынан құралған «Ақиқат» командасын ерекше  атап өтуге болады. Бүлдіршіндер қысқа да нұсқа әзілдерін көрерменге  орнымен жеткізе білген жас топ көпшілікке тәтті күлкі сыйлай білді.

Өңірдің жайдарманшылары мен еліміздің әр түкпірінен келген командалар кешті көтеріңкі көңілге толтырды. Ойында 2021 жылғы республикалық премьер лига сайыстарының ширек финалистері Сырым ауданы Ақырап ауылы «Ақырап 25» құрамасының көрсеткен өнері көпшіліктің көңілінен шығып, қазылар алқасының шешімімен әкім кубогына лайық деп танылды.

Екінші орын Қостанай облысының «Рудный» қарамасына берілсе, үшінші орынның жүлдесін Ақтөбеден келген «Сөз жоқ» командасы еншіледі. Осы топтың белді ойыншысы,танымал жайдарманшы Азамат Жадырасынов «Үздік ойыншы» атағына  ие болды.

Айта кетейік, ойынға Орал қаласы әкімдігі, Орал қалалық ішкі саясат бөлімі, Орал қалалық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы, Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университеті мен  «Aqjaiyq» телеарнасы қолдау көрсетті.

 

Эльмира НҰҒМАНОВА,

zhaikuni.kz

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
353 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
441 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
498 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
509 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
559 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
302 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
779 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
809 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
760 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
712 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
756 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
938 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»