8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
27 Ақпан 2020 1525 0
Қалалықтар қаперіне

ЖАЯУ ЖҮРГІНШІЛЕРДІ ҚАҒЫП КЕТКЕН ЖҮРГІЗУШІЛЕР ІЗДЕСТІРІЛУДЕ

Орал қалалық Полиция басқармасының Әкімшілік Полиция бөлімі адамдарды қаққан көлік жүргізушілерін іздестіруде.

21 ақпанда шамамен сағат 21.05-те Южная көшесі бойында «Ағайын холл» атты банкет залына қарсы бетте белгісіз көлік жүргізушісі үлкен жылдамдықпен қозғалып келе жатып, бір жаяу жүргіншіні қағып өтіп, жол көлік оқиғасы орнынан бой тасалап үлгерген. Полицияға шағымданған 1981 жылғы Б.есімді жаяу жүргіншінің арызы басқармада тіркелді. Жаяу жүргінші жеңіл көлік қағуынан алған түрлі ауыр дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылып, шұғыл медициналық көмектер көрсетілді. Бүгінгі күні жол апатына жол беріп, оқиға орнынан жасырыну және жалтару мақсатында кетіп қалған көлік жүргізушісі күндіз-түні іздестірілуде. Қаққан көліктің түсі қызыл болуы мүмкін.

Сонымен қатар, 21 ақпанда шамамен сағат 01.30-да бір көлік жүргізушісі Яблоневая көшесімен қозғалып, 43 үйге қарсы қарсы тұстан жаяу жүргіншілерді қағып өтіп, зулап кетіп қалған. Тәртіп сақшыларының болжамынша «Фольксваген вента» маркалы көлік болса керек, алайда бүгінгі күні мемлекеттік нөмірі белгісіз болуда. Сондай-ақ, 2 жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан зу етіп өте шыққан көліктің қызыл түсті екені анықталып отыр. 1995 жылғы Д. және Н. есімді жаяу жүргіншілер соқтыққан түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды.

Осы 2 жол көлік оқиғасына қатысты мәліметтерді біліп немесе көліктерді көріп, байқап жүрген, танитын тұрғындар мен азаматтар болса, Орал қаласының полиция басқармасына, әкімшілік полиция бөліміне, 102 нөміріне хабарласуларын сұраймыз. Жол апаты айтып келмейтін, ыңғайсыздық туғызып, адамзаттың денсаулығына залал келтіретін қасіретті көрініс. Сол үшін жол үстінде абай болайық. Мүмкін сіздердің, біздің көмегіміз, жәрдеміміз арқылы бірнеше адамның өміріне араша болып, көрер жарығын сыйлармыз.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
358 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
444 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
501 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
513 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
563 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
786 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
814 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
765 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
716 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
759 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
942 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»