8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
20 Наурыз 2024 2530 0
Мереке

Жаңару күнін тойлады

19 наурыз – Жаңару күніне арналып, «КазИИТУ» ғылым-білім кешенінде «Әз-Наурыз» атты тақырыпта фестиваль өтті.


Мерекеге жиналғандар бір-бірімен қол алысып, төс қағыстырып амандасып, «Ұлыс оң болсын, Ақ мол болсын» деген тілек айтты. Мейрамның айрықша ерекшелігі – «Жалпы текникалық пәндер», «Экономика және менеджмент», «Экология ТҚ», Республикалық жоғары техникалық колледжі, «Техникалық пәндер», «Қоғамдық-гуманитарлық пәндер» кафедрасы салған қазақы пеш болды. Оқу ғимаратының ауласында қаз-қатар қойылған пештерде ұлттық тағамдар дайындалды. Осы сәт барша қонақтардың қызығушылығын тудырды.

Фестивальдің ашылу салтанатында «КазИИТУ» білім кешенінің құрылтайшысы, академик Ақсерік Әйтімов сөз сөйледі.
– Бұл күн ел мен әрбір қазақстандықтың өмірінде жаңа белестің басталуын білдіреді. Наурыз – ұлттың ұлы құндылығы. Қазақтың тұрмысы, дәстүрі, өмірі, спорты, мәдениеті, ұлттық киімі бәрі де осы мерекенің бойына сыйған. Күні кеше Атырау қаласында өткен Ұлттық Құрылтайда Мемлекет басшысы «Наурызнаманың» тұжырымдамасына оң пікір білдірген болатын. Сондықтан да жастар сіздерді, болашақта еліміздің өркендеуіне үлес қосатын азамат болады деген сенімдеміз,- деді А. Сарыұлы.
Бұдан соң Қазақстан инновациялық телекоммуникациялық жүйелер университетінің ректоры, облыстық мәслихат депутаты Әліби Баяхов та жылы лебізін жеткізді.

Ертеден келе жатқан асық ату, гір тасын көтеру, арқан тартыс секілді шымырлыққа, ептілікке баулитын спорт түрінен ерлер бақ сынасқан шарада әділқазылар алқасы
барлық кафедралардың арасында өткен этнофестивальдің жұмысын сараптап, ақшалай сыйлықтар табыс етті.

Гүлім НҰРҚАТ

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
353 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
441 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
498 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
509 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
559 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
302 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
779 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
809 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
760 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
712 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
756 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
938 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»