8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
18 Наурыз 2022 1946 0
Қоғам

ЖАҢАРТЫЛҒАН ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ЖҰМЫСЫНА КІРІСТІ

Қоғамдық кеңес – халық бен билік арасынын жалғап, қоғамдық маңызы бар мәселелер бойынша пікірін білдіре алатын ұйым. Яғни, кез келген тұрғын өзекті мәселенің шешімін табу үшін қоғамдық кеңестің көмегіне жүгіне алады.

Орал қаласының қоғамдық кеңесінің мүшелерін сайлау бойынша конкурстың басталғаны хабарланғаннан кейін он жұмыс күні ішінде 50 кандидат құжат тапсырған. Бұдан кейін әрбір кандидатпен жеке әңгімелесу өткізіп, ашық дауыс беру жүргізілген. Дауыс беру қорытындысы бойынша 21 кандитат Орал қаласының қоғамдық кеңесінің мүшелері болып сайланды. Олардың 3-і – мемлекеттік органдардың өкілдері, 18-і – коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері мен азаматтар. Қоғамдық кеңеске экология, цифрландыру саласының мамандары, БАҚ өкілдері, Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымының мүшелері, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мен жол қауіпсіздігі саласын қамтамасыз ету бағытындағы қорлардың өкілдері мүше болды. Сондай-ақ бұл қатарда мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамдық ұйымдарының өкілдері, партиялардың мүшелері, азаматтық қоғам белсенділері, жастар ұйымдарының мүшелері, бизнес-тренерлер және блогерлер бар.

Қоғамдық кеңестің құрамында әр саланың мәселелерін қарастыратын 4 комиссия бар. Олардың алғашқысы әлеуметтік мәселелер және жастар ісі жөніндегі сұрақтарды, екіншісі бюждеттік және экономикалық сұрақтарды, үшіншісі индустриалдық даму, инфрақұрылым және тұрғын үй-коммуналдық мәселелері және төртіншісі нормативтік-құқықтық мәселелер және жұртшылықпен байланыс жөніндегі сұрақтарды қарастырады.

Қоғамдық кеңестің төрағасы болып қоғам қайраткері, меценат Бақытжан Нұрбаев сайланды.

Ақарыс Әйіптегі

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
353 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
441 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
498 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
509 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
559 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
302 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
779 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
809 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
760 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
712 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
756 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
938 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»