Жаңа жылда үшем өмірге келді
Балалардың жағдайы жақсы. Кезекшілік ойдағыдай өтті. Дәргерлер мен жеділ жәрдем қызметі әдеттегідей жұмыс жасады. Ал дүниеге келген сәбилердің барлығының салмақтары да аналарының жағдай да бір қалыпты.
Қазақстанда Жаңа жылда 240 сәби дүниеге келген. Жыл басынан бері бір ғана БҚО-да жиырмадан астам нәресте дүниеге есігін ашты. Демалыс, мерекеге қарамастан қызметтерін қалтықсыз атқарып жүрген дәрігерлер Жаңа жылдық мереке түні 21 сәбидің кіндігін кескен. Оның 8-ы қыз бала. Ақ халаттылар сәбилердің жағдайлары жақсы екенін айтады. Бұдан бөлек облыстық перинаталдық орталықта мереке күндері үшем дүние есігін ашты. Осылайша 39 жасар Жадыра Іңкәрова 6 баланың анасы атанды. Сәбилерге отағасы екеуі Айзада, Айдана, Айназ есімін беріпті. Дәрігерлер шақалақтарды көп ұзамай үйлеріне шығаратынын айтады. Ал анасының қуанышында шек жоқ.Өткен жылы облыста 4 үшем сәби өмірге келіпті.
Айнара ИСА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Президент: «Мұндай маңызды шешім кең ауқымды талқылау арқылы қабылдануға тиіс»
Медициналық технологиялар және биоресурстар: БҚО мен Қытай компаниясының бірлескен жобасы талқыланды
Бүгін Қазақстан мен Еуропалық одақ визалық режимді жеңілдету туралы келіссөздерді бастайды

Кіру
Пікір үстеу