8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
07 Тамыз 2020 1445 0
Қалалықтар қаперіне

ЖАҢА СПОРТ ЖӘНЕ ОЙЫН АЛАҢЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Заманауи үлгідегі жаңа алаң Зашаған кентіндегі 25-Чапаев дивизиясы көшесіндегі 3-үй ауласынан салынды. Мұнда  кіші жастағыларға арналған ойын жабдықтары, ересектер үшін жаттығу құрылымдары мен спорттық алаң бар. Алдағы міндет – осы нысанның бүлінуіне  жол бермей, күтіп-ұстау. Осы мақсатта алаң құрылысын жүргізген мердігер компания, «Орал» спорт клубы, «Геолог» ПИК және аталмыш мекенжай тұрғындары тарапынан қол қойылған төрт жақты меморандум жасалды.

Алаңның құрылысына «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында 29 млн. 800 мың теңге  бөлінген. Құрылыс жұмыстарын «Жайық Сити» ЖШС жүргізді. Компания басшысы Мереке Молдағалиевтің айтуынша, нысанды салуға бір ай уақыт жұмсалыпты. Әр жастағы балалардың ойнап, жаттығуы үшін қойылған құрылымдардың барлығы – отандық өнім. Жасанды көгал төселген 450  шаршы метрлік спорт алаңы жазда футбол ойыны үшін пайдаланылса, қыста хоккей кортына айналмақ.

Алаңға қоса жоба аясында тұрғын үй ауласы асфальтталып, өрнектастар салынған. 10 жарықшам бағаны мен үш бейнебақылау камерасы орнатылған.

Мекенжайдағы үйде 60  шақты отбасы тұрады екен. Көршілерінің ұйымшыл әрі белсенді екенін айтқан Баян есімді тұрғын  қойылған құрылымдарды күтіп-ұстауға және ауланы одан әрі гүлдендіріп, абаттандыруға өздері атсалысатындарын жеткізді.

Айта кетейік, аталған нысан пайдалануға беріліп үлгермей-ақ балаларға арналған әткеншектің үзіліп үлгергені анықталып, мердігерлердің қайта жасауына тура келген. Бұл жасалған істің сапасыздығынан емес, ересектердің тарапынан болған вандализм екені бейнебақылау жүйесіне жазылып қалған.

Эльмира НҰҒМАНОВА, 

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
356 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
443 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
500 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
511 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
561 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
783 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
813 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
764 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
715 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
758 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
941 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»