Жаңа кітаптың тұсауы кесіледі!
23 сәуір күні Астана қаласында өтетін «Astana Eurasian Book Fair 2026» халықаралық кітап көрмесі аясында белгілі қаламгер, жазушы-драматург, журналист Мира Хамзақызы Шүйіншәлиеваның «Атамұра» баспасында жарық көрген «Судағы сағым» атты кітабының тұсаукесері өтпек. Бұл – бір ғана автордың қуанышы емес, қазақ әдебиетінің, соның ішінде Ақ Жайық өңірі руханиятының мерейін үстем етер айтулы оқиға.
«Судағы сағым» – повесть пен әңгімелерден құралған тағылымды жинақ. Кітап беттерінде қоғамның шынайы тынысы, адам жанының қалтарыс-бұлтарысы, махаббат пен сағыныш, үміт пен өкініш, ар мен мұрат секілді мәңгілік тақырыптар көркем өрнекпен бедерленген.
Мира Хамзақызы – қазақ әдебиетінде өзіндік қолтаңбасы қалыптасқан қабырғалы қаламгер. Ол прозада да, драматургияда да өнімді еңбек етіп, ұлттық әдебиет қоржынына сүбелі үлес қосты. «Махаббат бағы», «Шүберек қуыршақ», «Жүректегі құпия», «Өкініш», «Ар азабы», «Сабаз» сынды туындылары арқылы оқырманның ыстық ықыласына бөленді. Оның бірқатар шығармалары сахна төріне жол тартып, көрерменнің жоғары бағасын алды. Қазақ сөз өнеріне сіңірген еңбегі лайықты бағаланып, Мира Хамзақызы Қазақстан Республикасының «Құрмет» орденімен марапатталды. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының, «Шабыт» фестивалінің лауреаты атанып, ел мәдениетінің өркендеуіне сүбелі үлес қосып келеді.
Сондай-ақ дәл осы жәрмеңкеде автордың «Ар азабы» кітабын басып шығарған «Фолиант» баспасы автограф-сессия өткізбек. Ақ Жайықтың қасиетті топырағынан нәр алған талант иесінің жаңа кітабының елорда төрінде таныстырылуы туған өлкеміздің мәртебесін арттырады. Сондықтан Ақ Жайық жұрты болып, жерлес қаламгеріміздің шығармашылық табысына бірге қуанып, қолдау білдірейік. Қазір Астана қаласындағы «Абай» кітап дүкенінде жаңа кітап сатылымға түсті деген жылы хабар алып отырмыз.
Қадірлі Мира Хамзақызы! Жаңа кітабыңыз құтты болсын! Қаламыңыз мұқалмасын, шабыт шырағыңыз сөнбесін. Әдебиет айдынында әлі талай асыл туындылар өмірге келіп, оқырман жүрегіне жол таба берсін!
Дәметкен САҒЫНБАЕВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Оралда ер адам банкоматтың купюра салатын ұяшығындағы өзгенің ақшасын алып кеткен
Оралда Дүниежүзілік тазалық күніне орай жалпықалалық сенбілік өтті
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ

Кіру
