8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
22 Шілде 2026 50 0
Өңір жаңалықтары

Жаңа көпірдің құрылысы басталды

Орал қаласындағы көлік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған ірі жобалардың бірі – «Ақжайық» шағынауданы мен қаланың орталығын жалғайтын жаңа көпір құрылысының алғашқы кезеңі басталды. Қазіргі таңда Шаған өзенінің екі жағалауында дайындық және жер жұмыстары қарқынды жүруде.

Жоба екі кезеңнен тұрады. Алғашқы кезеңде жаңа автомобиль жолының негізі салынып, құрылыс алаңы дайындалса, екінші кезеңде Шаған өзені арқылы өтетін көпір тұрғызылады. Қазір жол құрылысына қатысты жұмыстарға басымдық беріліп отыр.

Құрылыс алаңында 10 ға жуық арнайы техника жұмыс істеуде. Мамандардың айтуынша, өзеннің шамамен 900 метрге созылған жайылмасы сазды әрі батпақты болғандықтан, алдымен топырақтың жарамсыз үстіңгі қабатын алу және негізді нығайту жұмыстары жүргізілуде. Бұл жолдың ұзақ мерзімді әрі қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз ету үшін қажет.

Жоба аясында жалпы ұзындығы 3,9 шақырымды құрайтын төрт жолақты жаңа автомобиль жолы салынады. Жаңа жол көлік қозғалысының өткізу қабілетін арттырып, «Ақжайық» шағынауданынан қала орталығына қатынауды едәуір жеңілдетеді.

Жоба жетекшісінің орынбасары Артур Яцыктің айтуынша, қазіргі уақытта қала жағалауында құрылысқа дайындық жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, аумақты тазарту, ағаштарды кесу, инженерлік желілерді көшіруге дайындық және жер телімін құрылысқа бейімдеу жұмыстары қолға алынған. Бұл жұмыстарға сегіз маман мен он жұмысшы тартылған.

(Мақаланың толық нұсқасы газеттің ертеңгі санында) Д.ТАЛҒАТҚЫЗЫ

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Закон и Порядок
Алаяқтар арбауын қояр емес!
22 Шілде 2026
52 0
Өңір жаңалықтары
Жаңа көпірдің құрылысы басталды
22 Шілде 2026
50 0
Мәдениет
«Сабантой» көңіл-күй сыйлады
22 Шілде 2026
52 0
Без рубрики
Қала бойынша 109 лагерь жұмыс істейді
18 Шілде 2026
186 0
Білім
Шаттыққа толы шуақты жаз
18 Шілде 2026
187 0
Өңір жаңалықтары
Ибрашевтар отбасы Бас жүлде иегері!
16 Шілде 2026
323 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»