Жаңа электронды оқу құралы жарық көрді
Бүгінде М. Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан университетінде білім беруде электронды басылымдар мен ресурстарды дайындап, оларды қолданысқа енгізу дәстүрге айналған. Университеттің шетел тілдері кафедрасының доценті, п.э.ғ.к. Г.Н. Кисметова мен МИЯ-21 тобының 2-курс магистранттары Султангазиева А.К., Шынболатова Н.Т. «Easy explained English grammar» атты кезекті электронды оқу құралын дайындады.
«Easy explained English grammar» электронды оқу құралының басты құндылығы – шет тіліндегі мамандыққа байланысты қосымша кәсіби білім алулары үшін олардың жеке және кәсіби дамуы болып табылады. Бұл электронды оқу құралы мектеп, университет және колледж оқушыларына арналған. Шет тілдерін меңгеру студенттерге жеке және кәсіби дағдысын дамыту үшін қажет, ал шет тілін еркін меңгеру шетелдік әріптестермен кәсіби қарым-қатынас жасау үшін қажет.
Қазіргі кезде қазақ тілінде жазылған электронды оқу құралдарының өте аз болуына байланысты бұл электронды оқу құралының жасаудың қажеттілігі болды. Бұл электронды оқу құралы курс бағдарламасына сәйкес жазылған. Курстың жалпы міндеті орта мектепте игерген материалды қайталау және жалпылау, сондай-ақ мектеп, университет және колледж оқушыларының күнделікті өмірі мен олардың болашақ кәсіптік қызмет саласында ауызша және жазбаша сөйлеу дағдыларын дамыту әрі жетілдіру, ағылшын тіліндегі әдебиетті оқып, түсіну үшін қажетті білім қорын қалыптастыру кіреді.
Курс 20 модульдік сағаттардан тұрады. Әрбір модуль грамматикалық түсіндірмелер, тақырыпқа байланысты жаттығулар жинағы және өз-өзін тексеруге арналған тест жиынтығынан құрастырылған. Грамматикалық түсіндірмелерге сөйлеу дағдысын меңгеруде және ағылшын тіліндегі мәтіндерді түп нұсқасында оқып түсінуде көмек ететін ағылшын тілі грамматикасының басым қолданлыатын ережелері енгізілген. Бұл бөлімде әрбір студент өткен материалын еске түсіріп қана қоймай, түсінбеген тұстарын еркін меңгереді, барлық мысалдар оңайландырылған, тез ұғынып алу үшін арнайы реттеліп жасалған.
Оқулықта ағылшын тілін меңгерудің практикалық жағына екпін түсірілгендіктен, теориялық материал мүмкіндігіне қарай қысқа әрі нұсқа етіп баяндалады. Жаттығулар жүйесі оқушылардың теориялық материалды меңгеру деңгейіне қарай әртүрлі типтегі тапсырмаларды қамтиды. Сонымен қатар, жаттығулар өткен матиериалды бекіту үшін арнайы реттеліп, ыңғайлардырылған. Әрбір модульдің соңында келген тест сұрақтары оқушыларға өз білімін тексеруге, қайталауға септігін тигізеді.
Бұл электронды оқу құралы барлық ағылшын тілі грамматикасын меңгерушілерге арналған.
Айнур ШУЙНШАЛИЕВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Батыс Қазақстан облысында дайын құжаттарды жеткізу бойынша жаңа сервис іске қосылды
Қауіпсіз жаз: БҚО бойынша ЭТТД қызметкерлері балаларды қаржылық сауаттылыққа үйретуде
Орал теміржол вокзалын жаңғырту жұмыстарының 97 пайызы орындалды
Оралда «Әулеттің алтын діңгегі – 2026» облыстық жас келіндер байқауының жеңімпазы анықталды
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді
«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы табиғатты қорғау полициясымен бір күн
Қазақстан мен Чехия полициясы ҚР және ТМД елдері азаматтарының жеке деректерін таратқан халықаралық арнаны жойды
Криптоәмияндар, транзакция және синтетика: ІІМ есірткі бизнесінің қаржылық және цифрлық схемаларына соққы жасауда
«Таза Қазақстан»: прокуратура органдарында цифрлық шешімдер енгізіліп, экологиялық бақылау күшейтілуде
«Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам – жарқын болашақ кепілі» атты эссе байқауы қорытындыланды
День животноводов – признание вклада аграриев в продовольственную безопасность страны
«Әділет» партиясының филиалдары Қазақстанның барлық өңірінде құрылады
Бөкей хандығының 225 жылдығы аясында «BOKEI ORDA TRAIL» жүгіру жарысы өтті
10 мыңнан астам жұмыс орны және сенімді энергия: атом электр станциясын салудың негізгі артықшылықтары
БҚО делегациясы Қытай кәсіпорындарында инвестициялық келіссөздер жүргізді
Облыс делегациясы мұнай-химия өндірісінің озық тәжірибелерімен танысты
Қазақстанда 2029 жылға дейінгі халық табысын арттыру жөніндегі кешенді жоспар қабылданды

Кіру
Пікір үстеу