Жаңақала ауданында «Заң мен тәртіп – әділетті қоғам кепілі» форумы өтті
Заң үстемдігін нығайту, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қоғамда парасаттылық қағидаттарын орнықтыру бағытындағы жұмыстар аясында Жаңақала ауданында «Заң мен тәртіп – әділетті қоғам кепілі» тақырыбында форум ұйымдастырылды.
Іс-шара мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында өткізіліп, мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәдениетін арттыруға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, қоғамда заңға құрмет пен адалдық құндылықтарын насихаттауға бағытталды.
Форумға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы М.Байсалов, Жаңақала ауданының прокуроры Қ.Төремұратов, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры С.Түменбаев, Жаңақала ауданы әкімінің орынбасары Р.Гумар, мемлекеттік қызметшілер, аудандық мекемелердің өкілдері және қоғам белсенділері қатысты.
Форум барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы мен есептілігін қамтамасыз ету, құқықтық мәдениетті дамыту, азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сенімін арттыру және қоғамда заң талаптарын сақтау мәселелері кеңінен талқыланды.
Қатысушылар мемлекеттік қызметтегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу, қызметтік әдеп нормаларын сақтау, мүдделер қақтығысын болдырмау, шешім қабылдау кезінде ашықтық пен объективтілікті қамтамасыз ету бағытында пікір алмасты.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы М.Байсалов заң талаптарын сақтау, мемлекеттік қызметшілердің жоғары жауапкершілігі мен әдеп стандарттарын ұстануы халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтудың және тиімді мемлекеттік аппарат қалыптастырудың негізгі шарттарының бірі екенін атап өтті.
«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тек құқықтық тетіктермен ғана шектелмейді. Бұл ең алдымен қоғамда адалдық, әділдік және жауапкершілік құндылықтарын қалыптастырумен тығыз байланысты. Сондықтан әрбір мемлекеттік қызметші заң талаптарын бұлжытпай сақтап, кәсіби әдеп қағидаттарын басшылыққа алуы тиіс», – деді М.Байсалов.
Жаңақала ауданының прокуроры Қ.Төремұратов өз сөзінде заң үстемдігін қамтамасыз ету, құқықтық сауаттылықты арттыру және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырудың маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ ол заң талаптарын сақтау әр азаматтың ортақ міндеті екенін атап өтті.
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры С.Түменбаев мемлекеттік қызметшілердің кәсіби мәдениетін дамыту, парасаттылық қағидаттарын нығайту және басқару шешімдерін қабылдауда жауапкершілікті арттыру мәселелеріне тоқталды.
Форум барысында «Заң мен тәртіп» және «Адал азамат» қағидаттарын ілгерілету, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру және жастар арасында адалдық құндылықтарын дәріптеу бағытындағы бастамалар талқыланды.
Іс-шара соңында қатысушылар құқықтық мәдениетті нығайту, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қоғамда адалдық қағидаттарын орнықтыру бағытындағы жұмысты одан әрі жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Президенттің Жарлығы жарияланды – Қазақстан Халық Кеңесіне еліміздің 126 азаматы кірді
Елге қызмет еткен тұлғаға құрмет: Мұстақым Ықсановтың 100 жылдығы аталып өтті
Оралда ер адам банкоматтың купюра салатын ұяшығындағы өзгенің ақшасын алып кеткен
Оралда Дүниежүзілік тазалық күніне орай жалпықалалық сенбілік өтті
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті

Кіру
