8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
24 Шілде 2026 98 0
Өңір жаңалықтары

Жаңақала ауданында ардагерлер мен жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы пікірталас өтті

Жастардың құқықтық мәдениетін арттыру, қоғамда адалдық пен парасаттылық құндылықтарын қалыптастыру, сондай-ақсыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарастынығайту бағытында Жаңақала ауданында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет әділетті қоғамның негізі» тақырыбында пікірталас ұйымдастырылды.


Іс
-шара мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында өткізіліп, оның негізгі мақсаты – өскелең ұрпақ арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу, азаматтық жауапкершілікті арттыру және адал қоғам қалыптастыруға бағытталған құндылықтарды дәріптеу.

Кездесуге Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы М.Байсалов, Жаңақала ауданының әкімі А.Көшкінбаев, ауданның ардагерлері, жастар және мемлекеттік қызметшілер қатысты.

Пікірталас барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, заң талаптарын сақтау, қоғамдағы әр азаматтың жауапкершілігі, адал еңбек ету және әділетті қоғам қалыптастырудағы жеке үлесі туралы өзекті мәселелер қозғалды.

Ардагерлер кездесуде өздерінің өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, жастарға еңбекқорлық, жауапкершілік және адамгершілік қағидаттарын ұстанудың маңыздылығын жеткізді. Олар қоғамның тұрақты дамуы әр адамның өз ісіне адал қарауынан басталатынын атап өтті.

Жастар өз кезегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, заңға құрметпен қарау және қоғамдағы адалдық құндылықтарын нығайту бойынша өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы М.Байсалов сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет тек мемлекеттік органдардың міндеті емес, қоғамның барлық мүшесінің ортақ жауапкершілігі екенін атап өтті.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алудаең басты бағыттардың бірі азаматтардыңсанасында адалдық, әділдік және заңға құрметқұндылықтарын қалыптастыру. Әсіресежастардың бойында осы қағидаттардыорнықтыру әділетті қоғам құрудың маңыздышарты болып табылады, деді М.Байсалов.

Сонымен қатар кездесуде мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтау, парасаттылық қағидаттарын ұстану, мүдделер қақтығысының алдын алу және азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сенімін арттыру мәселелеріне назар аударылды.

Іс-шара барысында «Заң мен тәртіп» және «Адал азамат» қағидаттарын ілгерілету, жастар арасында сыбайлас жемқорлыққатөзбеушілік мәдениетін қалыптастыру және қоғамдық жауапкершілікті арттыру бағыттары талқыланды.

Пікірталас соңында қатысушылар адалдық пен әділдік құндылықтарын кеңінен насихаттау, жастардың азаматтық белсенділігін арттыружәне сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы жұмыстарды жалғастыру қажеттігін атап өтті.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Құрылтай-2026
Жауапты науқанға дайындық жүйелі
23 Шілде 2026
164 0
Закон и Порядок
Алаяқтар арбауын қояр емес!
22 Шілде 2026
160 0
Өңір жаңалықтары
Жаңа көпірдің құрылысы басталды
22 Шілде 2026
150 0
Мәдениет
«Сабантой» көңіл-күй сыйлады
22 Шілде 2026
153 0
Без рубрики
Қала бойынша 109 лагерь жұмыс істейді
18 Шілде 2026
278 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»