8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
20 Мамыр 2020 1437 0
Жалын

ЖҰРТШЫЛЫҚТЫҢ «ЖЫЛУЫ» ЖАҚСЫЛЫҚҚА ЖҰМСАЛДЫ

Оралда ерікті азаматтар жалғызбасты анаға баспана салып беруде. Үйдің іргетасы қасиетті Рамазан айының алғашқы күні құйылған. Қазір кірпіші қаланып, төбесі көтерілді.  Бірер күнде ішкі әрлеу жұмыстары басталмақ. Игі іс Дастан Қадыр есімді азаматтың бастамасымен қолға алынған.

 

Дастан «Мақсат» медициналық колледжінде музыкалық жетекші қызметін атқарады. Осыдан бес жылдай бұрын негізгі  жұмысына  қоса «Жүрек жылуы» атауымен қайырымдылық қорын ұйымдастырып, өзі сынды ізгі жандарды жанына  жиған. Дені –медициналық колледждің  студенттері. Сол уақыттан бері мұқтаж отбасыларға азық-түлік, гигиеналық заттармен көмектесіп келеді. Бүгінге дейін Дастанның жетекшілігімен студенттер мен қайырымды азаматтардан құралған еріктілер 100 шақты отбасының алғысына бөленіп үлгерді. Бұл ретте олар Зашаған кентіндегі отбасылардың жай-күйімен жақсы таныс мектептердің әлеуметтік педагогтарымен, көмекке зәру жандарға қол ұшын созып жүрген  қалалық мешіт имамдарымен тығыз байланыс орнатқан.

Баспанасының бабын үйлестіре алмай жүрген Қымбат Нұрмұқанова есімді жалғызбасты ананың жағдайы да еріктілерге имамдар арқылы жеткен. Расында  2007 жылы саманнан салынған Қымбат апайдың үйі жөндеу көрмей, әбден тозып, іргетасы сөгіліп  кеткен екен. Қыста қар кіріп, көктемде төбесінен су кетіп, іргеден жел үрлейтіні тағы бар. Жөндеуге  жарамсыз үйді сүріп, жаңасын салғаннан басқа амал қалмапты. Мекенжайы бойынша Қымбат апайдың үйіне келген Дастан құрылыс саласынан тәжірибесі мол ағасы Жомарт Мұхамбетияровты ерте келіп, үйдің жай-күйін, жаңа үй салуға кететін шығынды шамалап есептеп шығарды.  Құрылыс материалдарын сататын дүкендерді де аралап, қожайындарына мән-жайды түсіндіріп, жабдықтарды төмен бағада алуға келістірді. Осылайша, олар әлеуметтік желі арқылы халыққа үндеу тастап, қаржы жинауды бастап кетті…

Эльмира НҰҒМАНОВА

Толығырақ «Жайық үні-Жизнь города» газетінің  2020 жылғы 21 мамырдағы №19 санынан оқи аласыздар.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
356 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
443 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
500 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
511 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
561 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
782 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
813 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
763 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
715 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
758 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
941 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»