8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
03 Желтоқсан 2020 1109 0
Қоғам

Жүргізуші куәлігін алып жүрмегендерге АЙЫППҰЛ САЛЫНБАЙДЫ

Алдағы уақытта жүргізуші куәлігін алып жүрмеген көлік иелеріне айыппұл салынбайды. Қалтаңызда көлікті тіркеу туралы құжатыңыз болмаса да жауапкершілікке тартылмайсыз. Мәжіліс кейбір заңнамалық актілерге жол қозғалысы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Дарын Сағитов, тілші: 
-Біз түрлі себептермен жүргізуші немесе көлікті тіркеу куәліктерін үйде ұмытып кетіп жатамыз. Енді оларды өзіңізбен алып жүру міндетті емес. Ол үшін әкімшілік айыппұл да төлеймесіз. Жаңашылдық жол қозғалысы саласындағы заңнамаларды жетілдіруге бағытталған. 

Аталған құжаттар ішкі істер органдарының мәліметтер базасында сақталған. Жол сақшылары оларды кез келген уақытта көріп, тексере алады. Көлік немесе жүргізуші туралы ақпарат та базада бар. Қолыңызда жеке басыңызды куәландыратын құжат болса жеткілікті.

Заңға енгізілетін түзетулер тек Қазақстан азаматтарына тиесілі. Яғни, шетелдіктер аталған құжаттарды өздерімен алып жүруге міндетті. Айта кетерлігі, депутаттар 10 жыл бұрын шығарылған автобустарды мемлекеттік тіркеуге тыйым салуды да ұсынып отыр.

Қанат Мусин, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: 
-Заң жобасында Қазақстанда берілген жүргізуіші куәлігі және көлік құралын тіркеу туралы куәлікті жүргізуішінің өзімен бірге алып жүруге міндеттейтін нормаларды алып тастау көзделді.  

Соңғы 10 айда ғана еліміз бойынша 150 мыңдай жүргізуші аталған құжаттарын ұмытып, әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Полиция базадағы мәліметтерді тексеру үшін қажетті техникалармен қамтылған. Ал ғаламтор сапасы нашар жолдарда қызметкер рация арқылы кезекші бөлімге хабарласып, тиісті мәлімет ала алады.

Марат Қожаев, ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары: 
-Уақытылы қолға алынған шаралар. Осы арқылы біз ел Президентінің тапсырмасын орындап отырмыз. Сондықтан, депутаттардың бастамасына ризашылығымызды білдіреміз. Біздің тарапымыздан жұмыстарды жүзеге асыру үшін ешқандай кедергі жоқ. 

Мәжіліс төрағасы заң жобасын тез арада қараудың маңыздылығын атап өтті. Айтуынша, қазіргі цифрландыру кезеңінде, азаматтардан аталған құжаттарды талап ету – өткен күндердің еншісінде қалу керек.

https://qazaqstan.tv/news/134418/

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
356 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
443 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
500 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
511 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
561 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
783 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
813 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
764 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
715 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
758 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
941 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»