8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
20 Ақпан 2024 3172 0
Қалалықтар қаперіне

Жүргізуші куәлігін алу тестін тапсыру күрделендірілді

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы үздіксіз күрес жүргізіп келеді.


«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» БҚО бойынша филиалының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, жүргізуші куәліктеріне теориялық емтихандарды тапсырудың ашықтығын қамтамасыз ету үшін бұған дейін «3.0 ЖЖЕ» жүйесі енгізілген болатын. Енді тестілеу процесін шулы электромагниттік жиілігі төмен сигналдарды анықтайтын технологияның көмегімен де бақылауға болады.

Әдетте жүргізуші куәлігін алуға әрбір үшінші үміткер айласын асырып, теорияны микроқұлаққаппен тапсыруға тырысады. Бұл олқылықты болдырмау үшін мемлекеттік корпорация оларды анықтайтын арнайы детекторлар енгізді.

«Микроқұлаққаптардың диаметрі 2 миллиметрден аспауы мүмкін, оларды көру мүмкін емес болғандықтан, біз жиілігі төмен сигналдарды анықтайтын жүйе енгіздік. Ол микроқұлаққаптардың бар-жоғын бірден анықтап, ХҚКО операторына дереу хабарлауға қауқарлы. Сондай-ақ, бағдарлама автоматты түрде экранға микроқұлаққап табылғаны және тестілеудің тоқтатылатыны туралы хабарламаны шығарады», – деді «Азаматтарға арналған үкімет» МК басқарма төрағасының орынбасары Шыңғыс Оразалимов.

Тағы бір айта кетер жайт, көмекші техниканы, үшінші тұлғалардың көмегі мен кеңестерін пайдаланудың барлық фактілерін мемлекеттік корпорация тіркейді. Бұл ретте емтихан нәтижелері жойылады. Емтиханға қайта кіру үш айдан кейін ғана мүмкін болады.

Қазақстанда ЖЖЕ 3.0 жүйесі енгізілген сәттен бастап бүгінгі күнге дейін емтиханды түрлі айла-шарғымен тапсырудың 222 фактісі анықталды.

Дереккөз: kazinform.kz

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
1 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
22 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
88 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
67 0
Наурыз
14 наурыз – Көрісу күні
14 Наурыз 2026
78 0
Көңіл айтамыз
Көңіл айтамын!
13 Наурыз 2026
148 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»