8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
10 Қазан 2023 1294 0
Оқиға

Зейнеткердің алаяққа бермекші болған ақшасын қайтарып берді


10 қазан күні Орал қалалық полиция бөліміне 84 жастағы жергілікті тұрғынынан арыз келіп түседі.

Зейнеткер әйел өзіне белгісіз біреу телефон соғып, өзін полиция қызметкерімін деп таныстырып, немересінің жол апатына түскенін және ол ауруханада жатқанын және сол жол-көлік оқиғасына немересінің кінәлі екенін айтып, шығынды өтеу үшін жәбірленушіге жедел түрде ақша беру қажет болғанын жеткізеді.

Үрейі ұшқан әжесі бар жиған-терген 1,5 миллион теңге көліміндегі ақшасын сөмкеге салып, мекенжайына келген такси жүргізушісіне ұстата салады. Біраз уақыттан кейін әйел немересімен хабарласып, бәрі дұрыс екеніне көзі жетіп, яғни телефон алаяқтарының құрбаны болғанын біледі.
Тексеру барысында алаяқтар тапсырыс беру қосымшасы арқылы жергілікті такси жүргізушісін ақшаны алып кету үшін қолданғаны анықталып, одан әрі белгіленген келісімшарт бойынша ол Атырау қаласына жеткізу қажет болатын.

Қолданылған жедел іздестіру іс-шаралары барысында Орал қ. ПБ Абай Пб криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері Атырау облысы ПД қызметкерлерімен бірлесе такси жүргізушісін ұстау бағытында тиісті шаралар қолданылды. Бірнеше уақыттан кейін такси жүргізушісі бойынша ақпарат белгілі болды.
Жедел тәртіп сақшылары такси жүргізушісіне хабарласып, сәлемдеменің алаяқтарға тиесілі екенін айтады. Сол уақытта жүргізуші жолдың жарты бөлігіне жетіп үлгереді. Десе де, полиция қызметкерлерінің айтқанына келісіп, Орал қаласына қайта келіп, ақша салынған сөмкені жәбірленушіге қайтаруға үшін полиция қызметкерлерінің қолына тапсырады.

Қазіргі таңда полицейлер алаяқтық жасамақ болған адамдарды анықтау мақсатында жедел іздестіру шараларын жүргізіп жатыр. Зейнеткердің қызы полиция қызметкерлері мен такси жүргізушісіне алғысын білдірді.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабының 1-бөлігіне (Алаяқтық) сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды.

Орал қ. ПД баспасөз қызметі

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
356 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
443 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
500 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
511 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
561 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
783 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
813 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
764 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
715 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
758 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
941 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»