8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
15 Маусым 2021 3247 0
Жалын

ҮЗДІК ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

 Орал қаласындағы №46 ЖОББ мектептің үш түлегі еліміздегі үздік жоғары оқу орындарының грантын жеңіп алды.  

Білім ұясын «Алтын белгімен» аяқтаған Елмира Исмағұлова екі оқу орнында тегін білім алу грантына ие болып отыр. Алматы қаласындағы Д.А.Қонаев атындағы Еуразиялық Заң Академиясы ұйымдастырған «Жеті Жарғы» олимпиадасына қатысқан өренге академияның ​ «Заңтану» факультетіне 4 жыл тегін білім алу гранты ұсынылған. Сондай-ақ Сүлеймен Демирел атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті ұйымдастырған республикалық пәндік олимпиадасында 1 орын алып, осы оқу орнының заң факультетінің «Құқықтану» мамандығы бойынша  100 пайыз грантын иеленді.

«Үздік аттестат» иегері  Алина Тәжібаева да екі оқу орнының грантына және бір оқу орнына жеңілдікке  ие болып отыр. Атап айтқанда, Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ұйымдастыруымен өткен VIII Республикалық «Ясауи» олимпиадасына Дүние жүзі тарихы пәні бойынша қатысып, 3-орын алған әрі грант иегері атанды.  Алматы қаласындағы Д.А.Қонаев атындағы Еуразиялық Заң Академиясы ұйымдастырған «Жеті Жарғы» олимпиадасының қорытындысы бойынша грант ұтып, Сүлеймен Демирел атындағы университеттің пәндік олимпиадасына қатысып, 4 жылдық оқуға жеңілдік иеленді.

Аружан  Сағатова есімді түлек еліміздегі әлемдік стандартта білім беретін ерекше әрі жастардың арманына айналған Назарбаев университетінің білім грантын ұтып алып, оқуға жолдама алды.

Айта кетейік, аталмыш білім ұясын биыл 74 түлек аяқтады, олардың  екеуі – «Алтын белгі» иегері, үш түлек «Үздік аттестат» алды.

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
353 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
441 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
498 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
509 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
559 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
302 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
779 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
809 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
760 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
712 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
756 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
938 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»