8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
13 Мамыр 2020 1748 0
Қоғам

ЗАШАҒАН КЕНТІНДЕГІ ЖАҢА ҮЙЛЕРДІҢ АУЛАСЫ АБАТТАНДЫРЫЛУДА

 Кеше кешкісін Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков қаладағы бірқатар құрылыс нысандарын аралап, жұмыс барысын пысықтады. Алдымен шаһар басшысы Зашаған кентіндегі «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы» бағдарламасы шеңберінде салынған  тоғыз қабатты 90, 198 пәтерлік №44, 45, 46 дақ көппәтерлі тұрғын үйлерге инженерлік желілер тарту, аулаларын абаттандыру жайын қадағалады.

Солидарность көшесі, 7/1 үй мекенжайы бойынша орналасқан ірі панельді схема бойынша салынған аталмыш үйлердің құрылысын «Болашақ» ЖШС осы жылдың қаңтар айында аяқтаған. Биыл келбеті келісті зәулім үйлер «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» салымшыларына беріледі деп күтілуде. Қазіргі таңда инженерлік желілерін тарту, аулаларын абаттандыру жұмыстары қолға алынған.

– Мамыр айының аяғына дейін инженерлік желілер өткізілсе, жыл соңына дейін аулаішілік жолдар салынып, жарықтандырылып, балалар ойын және спорт алаңқайлары бой көтереді, – дейді қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Арман Өксікбаев.
Аулаларды абаттандыру жұмыстары «ТүркістанЖолСервис» мердігерлік компаниясына жүктелген. Серіктестіктің бас инженері Жандәулет Нұрлыбаевтың сөзінше, құрылыс жұмыстарына 150-ге тарта адам тартылған. Бұл мақсатқа 1 млрд. 100 млн. теңге қаржы қарастырылған. Біз барған сәтте «Әлия-сервис» ЖШС-ның 40-қа тарта жұмысшысы инженерлік-коммуникациялық желілерді жүргізуге қызу кіріскен. Учаске басшысының айтуынша, жұмыстар сәуір айының ортасында басталыпты. Мамыр айының соңына дейін аяқтау көзделуде. Мұндағы жұмыстарды пысықтаған қала әкімі Абат Абайұлы жауапты тұлғаларға жұмысты ширатуды қатаң тапсырды.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
357 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
443 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
500 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
511 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
562 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
783 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
813 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
764 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
715 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
758 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
941 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»