8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
10 Қыркүйек 2018 4029 0
Қоғам

«ӨЗ БАЛАҢА ҮЛГІ БОЛ»

Қалай үлгілі ата-ана болуға болады? Балаға қалай көмектесу керек? Жеткіншекті дағдарыс жағдайынан қалай шығару қажет? Баланы тәрбиелеуде бұл сұрақтар көптеген ата-аналарды ойландыратыны анық. Бала тәрбиесіне қатысты осы тектес сауалдардың жауабын отбасы күніне орайластырылған жалпы республикалық ата-аналар конференциясында ата-аналар мен білім саласының мамандары бірге талқылануда.

Ата-аналарға психолгиялық көмек көрсету мақсатындағы конференция ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Балалардың құқықтарын қорғау Комитетінің тапсырысы бойынша Отбасылық тәрбиелеу институтының бастамасымен барлық мектептерде өткізілуде. Сенбі, 8 қыркүйек күні күні республика бойынша бір уақытта өткізілген жиын 1 сынып оқушыларының ата-аналарына арналса, жексенбіде 10-11 сынып оқушыларының ата-аналары мектептерде бас қосты. Қаламыздағы №42 «Ақ ниет» гимназиясында өткен жиынға Орал қаласы білім беру бөлімінің басшысы Ж.Төремұратова, ҚР Білім және ғылым министрілігінің өкілі, отбасылық тәрбиелеу институтының спикері А.Мырзахметова қатысты.

Конференция отбасылық құндылықтарды дамыту мен нығайту, өскелең ұрпақты тәрбиелеу мәселесінде білім беру мекемелерінің отбасымен өзара қарым-қатынасын жандандыруға бағытталып, бала тәрбиелеу барысындағы ата-аналарда туындайтын ең қиын сұрақтарды анықтау, жасөспірімдердің өзіне-өзі қол жұмсау әрекетін алдын алу, діни ағымдардан, ақпараттық қауіптен сақтандыру мәселелері қозғалды.

– Қазір интернет заманы. Әйткенмен, балалар виртуалды өмірге еніп кетпеуі үшін ата-ананың қадағалауы маңызды. Интернетке тәуелділік қауіпке, жасөспірімнің санасына, өмір сүру қалыбына кері әсер ететінін де тәжірибе көрсетті. Сол үшін ата-аналар үйдегі компьютерге бұғаттау бағдарламасын орнатып алғандары дұрыс. Сондай-ақ діни ағым өкілдерінің жалған ақпарына сеніп, адасып жүрген жеткіншектеріміз де аз емес. Көп жағдайда ата-ананың махаббатына зәру, жабығып жүрген балалар осы жолға түсіп кетеді. Сондықтан ата-ана үшін жұмысбастылықтан гөрі бала тәрбиесі бірінші орында болуы керек,  – дейді отбасылық тәрбиелеу институтының спикері Ақтоты Мырзахметова.

Қалалық білім беру бөлімінің басшысы Жансұлу Меңешқызы тәрбиедегі қателік қыздың анамен, ұлдың әкемен сырласпауынан екенін айтып, бала тәрбиелеуде қиындыққа кезіккен жағдайда психолгтардың көмегіне жүгінудің оң нәтиже беретінін жеткізді. Психолог мамандардың сөзінше, ата-ана баланың жеке тұлға екенін, мінез-құлықтары әртүрлі екенін айта отырып мақтау мен эмоционалдық қолдау жасап отырулары қажет. Әрі әр жанұяда отбасылық дәстүрді қалыптастыру бала тәрбиесіне оң ықпалын тигізері сөзсіз.

Эльмира НҰҒМАНОВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
352 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
438 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
494 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
506 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
556 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
300 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
774 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
806 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
757 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
709 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
753 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
935 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»