8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
10 Қазан 2018 2512 0
Қоғам

ҚЫЗМЕТ САПАСЫ АҚСАП ТҰР

Тұрғындар тарапынан желілік маршруттардың қызметіне байланысты шағымдар азаяр емес. Осы орайда қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі маршруттардың 1-8 қазан аралығындағы желіге шығуына мониторинг жүргізіп, бірқатар олқылықтарды анықтады. Тексеру қорытындысы бойынша 9 қазан күні қала әкімі Мұрат Мұқаев жолаушы тасымалымен айналысатын мекеме басшыларымен кездесіп, қызмет көрсету саласындағы бірқатар келеңсіздіктерді сынға алды.

Жиында жолаушылар тасымалына қызмет ететін автобус парктері, олардың қарамағындағы маршруттарға жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша ақпарат бейнеэкранға шығарылды. Тексеруде автобустардың күйі кеткен орындықтары, антисанитариялық жағдайлар, кондукторлардың киім киісі, желіде уақыт аралығын сақтамау, жылдамдықты арттыру сынды олқылықтар әшкере болған. Осы орайда қала басшысы Мұрат Рахметұлы қоғамдық автобустарда билеттердің берілмейтінін, кондукторлардың бірыңғай киім үлгісімен қамтылмағанын, олардың бейәдеп әрекеттерін, жүргізушілердің жол ережесін жиі бұзатынын сынға алды. Әрине, бұл салада жақсы жаңалықтар да баршылық. «Смарт Сити» тұжырымдамасына сәйкес түрлі жаңа технологиялар қолданысқа енгізілді. Тасымалдаушы мекемелер жаңа автобустардың алдыңғы легін де желіге шығарды. Бірақ, азаматтарға сапалы қызмет көрсету ақсап тұр.

– Сіздер тұрғындардың қолайлы  өмір сүруі, қауіпсіздігі үшін қызмет етесіздер. Жұмыстарыңыз заман талабына сай бейімделуі керек. Бұл – сіздердің бизнестеріңіз, оған қаржыны да аямай салған дұрыс. Өз маршруттарыңызды қадағалап, тәртіпсіздіктерге тосқауыл қоятын уақыт жетті. Істі ілгері жылжыту қажет, – деді шаһар басшысы Мұрат Рахметұлы.

Сонымен қатар қала әкімі жолаушылар автобустарындағы алыстан көзге түсетін түрлі жарнамаларды шаһардың көрікті жерлері, тарихи ескерткіштер бейнеленген көріністермен алмастыруды тапсырды. Осылайша, жолаушы тасымалымен айналысатын мекеме басшыларын тәртіпке  шақырған әкім сыннан қорытынды шығару керектігін ерекше атап өтті.

Е.АСХАТҚЫЗЫ

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
21 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
88 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
67 0
Наурыз
14 наурыз – Көрісу күні
14 Наурыз 2026
78 0
Көңіл айтамыз
Көңіл айтамын!
13 Наурыз 2026
148 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»