8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
22 Қазан 2019 2035 0
Өзек

ҚЫЗҒАНЫШ ҚЫЛМЫСҚА СЕБЕП БОЛДЫ

Бүгін  Оралдағы Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты бұрынғы сүйіктісін қызғанып  бақталасын өлтірген Берік Титеевті кінәлі деп тауып, 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Оқиға осы жылдың маусым айында болған.

Сотқа төрағалық етуші Бақыт Ермаханов мәлім еткендей, даудың басы Динара Бөлекова есімді аруға деген қызғаныштан туындайды. Үстіміздегі жылдың наурыз айында Берік Титеев пен Динара Буликова арасындағы өзара қарым-қатынасқа нүкте қойылады-мыс. Осы орайда бұрынғы сүйіктісіне деген сезімі суымаған, Титеев үнемі Буликованы бақылап жүріп, әлеуметтік желідегі парақшасын ақтарып, Бекарыс Ғалымжанов есімді азаматты байқапты. Осылайша бейтаныс жігітті кездесуге шақырады.  Бірақ алғашқы басқосудың сәті түспейді. Титеев достарымен бірге басқа күні  Зачаганск кентіндегі спорттық алаңда Ғалымжановтың қыдырып жүрген жеріне келіп, оны адам көзі көп түсе бермейтін жерге жүруін сұрайды. Осылайша барлығы бір көлікпен Оралдағы №50 мектеп маңына келеді. Бір-бірімен текетірес барасында Титеев Ғалымжановқа соққы жасамаққа ниет танытады.  Алайда, қарсыласына оның жұдырығы дарымай, оң жақ қалтасындағы кездікпен Ғалымжановты 3 рет  пышақтайды да оқиға орнынан ізін жасырады. Сол жақ өкпесімен кеудесіндегі жарақаттың салдарынан Ғалымжанов оқиға орнында санаулы минуттардан соң жан тапсырады. Сотқа төрағалық етуші Бақыт Ермахановтың айтуынша, оның үстінен ҚР ҚК 99-бабы бірінші бөлігімен іс қозғап, 11 жыл бас бостындығынан айыру жазасына кесілді.

– Яғни, адам өлтіру, қасақана құқыққа қарсы қазаға ұшырату белгілерімен кінәлі деп танылды. Ол жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары  мекемеде өтеу тағайындалды. Сонымен қатар жәбірленушінің пайдасына 812 мың мүліктік, 3 млн. теңге моральдық өтемақы өтеу туралы шешім қабылданды, – деді  судья Б.Ермаханов.

Сот залында Титтевтің туғандары марқұмды жарақаттаған пышықтың табылмағанын айтып, уәждерін жеткізді. Ал марқұмның ет жақындары болса бауырларының өмірін қиған қанды қол қылмыскерге кесілген жаза лайықты дейді.

Сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
356 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
443 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
500 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
511 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
561 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
783 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
813 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
764 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
715 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
758 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
941 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»