8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
02 Қараша 2018 2353 0
Қоғам

«ҚЫС-2018» оқу-жаттығу жиыны өтті

Бүгін Батыс Қазақстан облысында «Қыс-2018» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуының тәжірибелік бөлімі, яғни 2-кезеңі өтті. Тәжірибелік кезең барысында «Омега құрал жасау заводы» ЖШС-ның ғимаратындағы өртті  сөндіру және жою, зардап шеккендерді эвакуациялау, іздеу және шұғыл медициналық көмек көрсету бойынша іс-әрекеттер пысықталды.

Тәжірибелік бөлімнің алдында Тұңғыш Президент алаңында облыс әкімінің орынбасары Б.Азбаев, БҚО ТЖД бастығы, генерал-майор Ж.Жұмашев, оқу-жаттығу штабының басшысы, БҚО ТЖД бастығының орынбасары А.Ахметжанов қалалық біріктірілген шұғыл ден қою жасағының маусымға дайындығын тексеріп оқу-жаттығудың тәжірибелік бөлімін бақылауда ұстады. Жаттығу барысында облыста төтенше жағдайлар туындаған жағдайда қолданылатын барлық қажетті техника мен жабдықтар көрсетілді.

Оқу-жаттығу сценариі бойынша БҚО ТЖД БКДҚБ-ның «112» кезекші телефонына «Омега» құрал жасайтын заводы» ЖШС ғимаратындағы апат салдарынан жертөле орын-жайында және ғимараттың бесінші қабатында өрт орын алғаны, ғимараттан шығып үлгермеген зардап шегушілер бар екені жөнінде хабарлама түсті. Диспетчер жедел тәртіпте шақыру орнына бөлімшелерді жіберді.  Шақыру орнына жетісімен және барлау жүргізу барысында  «Омега» құрал жасайтын заводы» ЖШС 5 және 1-қабатындағы апаттың салдарынан аталған қабаттарда өрт болғаны анықталады. Объекті әкімшілігінің мәліметтері бойынша қатты түтіндеу, жоғары температура және орын-жайларда (бөлмелерде) ғимараттан шығып үлгермеген қызмет көрсетуші персоналдар бар екенін анықтайды. Барлық арнайы қызметтердің күштері қолданған іс-шаралардың  барысында төтенше жағдай жойылып, зардап шеккен жұмысшылар құтқарылып, оларға алғашқы медициналық және психологиялық көмек көрсетілді.

«Қыс-2018» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуының екі күндегі қорытындысы бойынша барлық алға қойған міндеттер толық көлемде орындалып, оқу-жаттығу мақсатына жетті.

БҚО ТЖД мемлекеттік тіл және ақпарат тобы

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
353 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
441 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
497 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
509 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
559 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
301 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
778 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
809 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
760 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
712 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
756 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
938 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»