8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
16 Наурыз 2026 407 0
Референдум2026

Қырғызстаннан келген бақылаушы азаматтардың референдумға белсенді қатысқанын атап өтті

Қырғызстан Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Тынчтык Шайназаров республикалық референдумның жоғары деңгейде дайындалғанын айтты.

«Конституция – елдің тұрақтылығы мен бейбіт өмірінің негізі. Оның басты қағидасы – билік халықтың қолында. Сондықтан мемлекеттің болашағын халық анықтайды. Бұл – демократиялық қоғамның негізгі принципі», – деді Шайназаров.

Ол Қазақстанда референдумға дейін ауқымды дайындық жұмыстары жүргізілгенін атап өтті.

Халықаралық бақылаушының сөзінше, дауыс беру күні сайлау учаскелерінде ерекше атмосфера сезіліп, азаматтар жоғары деңгейде белсенділік танытқан.

«Мен барған учаскелерде адамдардың көңіл-күйі көтеріңкі болды. Сайлаушылар белсенді қатысып, елдің болашағына бейжай қарамайтынын көрсетті. Учаскелерде мерекелік көңіл-күй сезіліп тұрды», – деді ол.

Сөз соңында Қырғызстан Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қазақстан халқына референдумның өтуімен құттықтап, елге тұрақтылық  тіледі.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Таза Қазақстан
Аймақ басшысы ағаш көшеттерін отырғызды
21 Қыркүйек 2026
65 0
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
224 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
275 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
448 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»