Қылмыстық іс әлі қаралуда…

Кәсіпкер Е. Мұқанғалиевтің өлімі бойынша қылмыстық іс cотқа жіберілді.
Қылмыстық іс судья Шара Зайнуллинаның төрағалығымен қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралады. Алдын – ала тыңдау күні әлі белгіленген жоқ.
Кәсіпкер Еркін Мұқанғалиев 2022 жылдың 6 тамызында қатыгездікпен қаза тапқан болатын. Марқұмның пышақ жарақаты бар денесі П.Атоян атындағы стадион автотұрағынан табылып, ел-жұрттың төбе шашы тік тұрып еді! Күдіктілер дереу анықталды. Бейнебақылау камераларына түсіп қалған жазбадан кәсіпкер мен тағы екі ер адамның кафедегі үстелде отырғанын, араларында жанжал туындап, бірі Еркін Мұқанғалиевті пышақпен ұрғанын көрген еді. Көп ұзамай екі күдікті 31 жастағы Руслан Қожантаев пен 21 жастағы Тұрлан Амангелді ұсталған болатын.
Айнара ИСА
Соңғы жаңалықтар
Президент: «Мұндай маңызды шешім кең ауқымды талқылау арқылы қабылдануға тиіс»
Медициналық технологиялар және биоресурстар: БҚО мен Қытай компаниясының бірлескен жобасы талқыланды
Бүгін Қазақстан мен Еуропалық одақ визалық режимді жеңілдету туралы келіссөздерді бастайды

Кіру
Пікір үстеу