8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
24 Желтоқсан 2020 2648 0
Қоғам

ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК АЛАҢЫ АШЫЛАДЫ

Орал қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Ыбырай Алтынсариннің мерейтойына арналған жобаға қосылады.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына арналған  «Жаңа жағдайдағы білім беру» жобасын жүзеге асыру қолға алынды.⠀

Мерейтойлық бағдарламаның басты жаңалығы белгілі ұстаздар тәжірибелерімен бөлісетін Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық шеберлік онлайн алаңының ашылуы болып отыр. Алғашқы боп Білім және ғылым министрлігі «Ы. Алтынсарин» төсбелгілерінің иегерлері шақырылады. Назарбаев Зияткерлік мектептері жүйесінде 80-нен астам адам жоғары педагогикалық марапат иегерлері.

Кәсіби диалог пен кездесу орнына айналатын NIS-тің онлайн алаңына еліміздегі жалпы білім беретін мектептерден тәжірибелі мұғалімдер қосылады деп жоспарлануда. ⠀

Қазақтың ұлы педагогінің шығармашылығы мен ағартушылық қызметіне арналған тақырыптық симпозиум Назарбаев Зияткерлік мектептерінің жыл сайынғы халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында ашылмақ. Дәстүрлі тамыз конференциясындағы табысты тәжірибелер панорамасы да Ыбырай Алтынсариннің мерейтойы шеңберінде өтетін болады. ⠀

– Ұлы ұстаз Ыбырай Алтынсариннің мұрасы бүгінде де өзекті. Оның білімге деген риясыз адалдығы мен терең сенімі ХХ ғасырдың басында өз жемісін берді. Оның ағартушылық еңбегі Қазақстанның педагогикасы тарихында мәңгі қалады, – деді Ы.Алтынсарин төсбелгісінің иегері, Оралдағы ФМБ НЗМ директоры Айдарбек Айтпукешев.

«Дөңгелек үстелдер» сериясы заманауи білім берудегі басты трендтер – еңбек нарығындағы жаңа талаптарға, жаппай стандарттаудан жаппай бірегейлікке көшуге, жасанды интеллект дәуірінде ұстаздардың алмаспайтындығына, табысты білім беру жүйесіндегі бағалау мен өзге де сұрақтарға арналады. ⠀

Жаңа жағдайдағы білім берудің миссиясын анықтайтын басым бағыттар бойынша талдамалық мақалалар топтамасы әзірленуде, – балаларға игілікті орта құру, мұғалімдердің кәсіби дамуы, бейакадемиялық үлгерім, функционалдық сауаттылықты қалыптастыру, сандық аборигендердің киберқауіпсіздігі, covid generation үшін мега тәуекелдер. ⠀

Назарбаев Зияткерлік мектептерінде Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына арналған алғашқы шаралар легі қаңтар айында бастау алмақ.⠀

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
358 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
444 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
501 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
513 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
563 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
786 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
814 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
765 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
716 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
759 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
942 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»