ЫҚТИМАЛ МЕМЛЕКЕТТІК ТӨҢКЕРІС ӘРЕКЕТІНЕ ТАП БОЛДЫҚ – Мемхатшы
Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин Қазақстан қалаларында болған оқиғалар туралы айтты.
«4-8 қаңтар аралығында Маңғыстауда болып, жағдайды тұрақтандыру бойынша өңірлік штабтың жұмыстарына қатыстым. Өздеріңізге белгілі бұл аймақта алғашқы күндері наразылық акциялары басталды, олар ауқымды және бейбіт басталған. Митингтер Жаңаөзен, Ақтау және басқа да елді мекендерде болды. Президенттің тапсырмасымен үкіметтік комиссия құрылды», – деді Ерлан Қарин «Хабар-24» телеарнасының эфирінде.
«Оның міндеті осы жағдайды реттеу болды және комиссия Ақтауға кетті, қоғам белсенділерімен, наразылық акцияларына шыққандармен кездесті және осы мәліметтер негізінде келіссөздер, консультациялар, кездесулер ұсынылды, олар Президенттің үндеуінде айтылды. Газ бағасына қатысты оң шешімдер қабылданды, бірақ Маңғыстаудағы штабтың жұмысы тоқтаған жоқ, біздің міндетіміз осы өңірде жағдайдың одан әрі ушығуға жол бермеу болды», – деді Қарин.
Оның айтуынша, Қазақстанның барлық қаласында лаңкестердің әрбір әрекеті мұқият жоспарланған. Қарин жағдайды тұрақтандыру жұмыстары аяқталған кезде барлық себеп пен жағдайды тергеу жұмыстары жүргізілетініне сендірді.
«Сонда, әрине, қалай өрбігенін, қалай жоспарланғанын толық айтып, хабарлауға болады, бірақ бәрі қалай тез өрбігеніне байланысты мұның бәрі қаншалық мұқият ұйымдастырылғандығы және осы топтардың барлығы қалай әрекет еткені бойынша, әрине, әрбір оқиға қандай да бір үлкен жоспардың бір бөлігі болды деп айтуға болады. Себебі әртүрлі аймақтағы, тіпті бір өңірдегі әртүрлі бытыраңқы топтардың іс-әрекеті мемлекеттік мекемелерді, құқық қорғау органдарының ғимараттарын, қару-жарақ алу жөніндегі акцияларды, байланыс құралдарына бағытталған соққыларды, жолдарды, инфрақұрылымдық объектілерді басып алу жөніндегі ұқсас міндеттерді бір алгоритмге айналдыру үшін осындай мұқият жоспарлау керегін ойлай беріңіз. Командаларды өздігінен дамыту және тарату мүмкін емес», – деді Мемлекеттік хатшы.
Мемлекеттік хатшы бұл топтардың нақты жоспарланған үйлесімді әрекеттері деп санайды. Олардың міндеті – жағдайды жалпы тұрақсыздандыру.
«Түпкі мақсатын қазір айту қиын, бірақ менің ойымша, біз жалпы тұрақсыздандыру және Ықтимал мемлекеттік төңкеріс әрекетіне Қазақстанға гибридті террористік шабуылға тап болдық. Бұрын болған оқиғалар негізінде. Біреулер барқыт революциясымен салыстырады, бірақ Қазақстанға қатысты бұл әрекеттер тиімсіз болды. Дегенмен біздің елдегі жағдай басқа және билік ұстанымы тиянақты. Олар «түрлі-түсті» революцияның классикалық үлгісі болып кетуіне жол бермес еді. Ең ақырында Қазақстанда мүлде басқа модель болды. Жағдайды тұрақсыздандырудың басқа сценарийі, радикал және террористік топтарды қолдану арқылы болды», – деді Қарин.
https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/yiktimal-memlekettk-tonkers-areketne-tap-boldyik-memhatshyi-331982/
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Оралда ер адам банкоматтың купюра салатын ұяшығындағы өзгенің ақшасын алып кеткен
Оралда Дүниежүзілік тазалық күніне орай жалпықалалық сенбілік өтті
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ

Кіру
Пікір үстеу