WHATSAPP-ТА ҚАРЖЫЛЫҚ ПИРАМИДА ҰЙЫМДАСТЫРҒАН
БҚО бойынша экономикалық тергеу департаменті қаржылық пирамида құру арқылы алаяқтық жолмен қаражат иемдену фактісі бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 217-бабымен тергеу амалдарын жүргізуде.

Департаменттің мәліметінше, қаржылық пирамида «WhatsApp» мессенджерінде «SWEET MONEY» деген атаумен ұйымдастырылған. Оған 70-тен астам адамды қатыстырып, алаяқтық жолмен қаражатты иеленіп отырған. Аталған жобаның шартына сәйкес, «Kaspi Gold» банктік карточкаларына ақшалай салымдар салу арқылы жобаға кірген салымшылар, салым салынған күннен бастап 6 күн ішінде салым сомасының 50-70 пайызын алуға тиіс. Қаржы пирамидасының құрылымына сәйкес қаражат салымшыларға оның жаңа қатысушылары салған қаражат есебінен бөлінеді.
Батыс Қазақстан облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті пирамиданың басты міндеті – жаңа қатысушыларды тарту екенін ескертеді Әдетте, пирамиданың негізін қалаушы қомақты қаражат жинап, төлемдерді тоқтатады және барлық ақшамен бірге өзі де таса болады.
Сондай-ақ Батыс Қазақстан облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті «SWEET MONEY» зергерлік салонының осындай әрекеттерінің құрбаны болған азаматтарды департаменттің +7 (7112) 53-84-27 сенім телефонына хабарласуларын сұрайды.
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Президент: «Мұндай маңызды шешім кең ауқымды талқылау арқылы қабылдануға тиіс»
Медициналық технологиялар және биоресурстар: БҚО мен Қытай компаниясының бірлескен жобасы талқыланды
Бүгін Қазақстан мен Еуропалық одақ визалық режимді жеңілдету туралы келіссөздерді бастайды

Кіру
Пікір үстеу