8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
13 Ақпан 2020 2624 0
Жалын

ВОЛОНТЕРЛЕРДІ ТІРКЕУ БАСТАЛДЫ

Бүгінде Батыс Қазақстан облысындағы 60-қа жуық волонтерлік ұйым 10 мыңнан астам адамның басын біріктіріп отыр. Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз мәслихатында облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұрхат Ораш Волонтерлер қозғалысын дамыту, волонтерлер жылының облыста жүзеге асырылуын баяндады. 

«Волонтер жылы» аясында облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы Volonteer07.kz сайтын жасақтап, іске қосты. Бұл көмек іздеушілер мен көмек берушілер арасындағы байланыстырушы көпір. Онда кез келген адам волонтер бола алады және қажетті волонтерлерді таба алады. Аталмыш сайттың мақсаты – волонтерлік ұйымдар мен волонтерлік қозғалысты біріктіре отырып, облысымыздағы волонтерлер қозғалысын дамыту. Сайт негізгі он төрт бағыт бойынша қызмет атқарады. Атап айтқанда,  «Медицина», «Экология», «Әлеуметтік волонтерлік», «Медиа-волонтер», «Оқиғалық волонтерлік», «Жануарлармен волонтерлік», «ТЖ волонтерлік», «Мәдени волонтерлік», «Донорлық», «Спорттық волонтерлік», «PRO BONO  және зияткерлік волонтерлік», «Корпоративтік волонтерлік», «Виртуалды волонтерлік» және «Этно волонтерлік».

Аталған сайтқа алғаш болып бүгін облыс басшысы Ғали Есқалиев тіркелді және волонтер ретінде бірінші шарасын да атқарып үлгерген.

– «Аялаған алақан» қоғамдық бірлестігімен бірге Балалар ауылына барып, тәрбиеленушілермен мотвациялық кездесу өткізді және оларға сыйлықтарын тарту етті, – деді Нұрхат Ораш.

Волонтерлар жылының ашылуына орай өткен салтанатты жиында Қасым-Жомарт Тоқаев волонтерліктің еңбек өтілі ретінде есепке алынатынын атап өтті. Бұл волонтерлікке ниет танытушылардың көбеюіне ықпал етері анық.

– Сайтта әр волонтердің жеке кабинеті болады. Осы кабинетте оның атқарған жұмыстары туралы мәлімет енгізіліп отырады. Осы деректер бойынша олардың еңбек өтілдері есептелмек, – деді Нұрхат Ораш.

Сондай-ақ өткен жылы студенттерген арналған республикалық qazvolunteer.kz платформасы құрылған болатын. Аталған платформаға өткен жылы өңірімізден 427 волонтер тіркеліп, атқарған жұмыстарына сай еңбекақыларын алып отыр. Нұрхат Ораштың айтуынша, «Әлеуметтік студенттік кредит» жобасы аясында олардың санын көбейту мақсаты қойылып отыр.

Облыс бойынша «Волонтер жылына» орай 2020 жылға арналған жоспар бекітіліп, волонтерлік бағытындағы 200-ге жуық іс-шаралар жоспарланып отыр. Жоспарда волонтерліктің 7 жалпыұлттық  бағыты негізге алынған. Жалпы «Батыс Қазақстан облысының волонтерлер қозғалысын дамыту» жобасын жүзеге асыру мақсатында 5 млн. теңге қаражат бөлінген.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
356 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
443 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
500 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
511 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
561 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
783 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
813 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
764 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
715 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
758 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
941 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»