8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
27 Қараша 2019 1978 0
Жалын

ВОЛОНТЕРЛАР ӨЛКЕДЕГІ ЕСКЕРТКІШТЕРМЕН ТАНЫСТЫ

Алдымыздығы 2020 жыл Қазақстан Республикасында «Еріктілер жылы» деп жарияланды. Ал «Волонтерлік қызмет туралы» ҚР Заңы 2016 жылы қабылданған болатын. Заңның 6-бабының 7-тармағында ерекше назар мәдени мұраны сақтау саласынын қолдауға аударылған.


Осы жағдайларды назарға ала отырып, тарих және мәдениет ескерткіштерін сақтау бойынша волонтерлік қызметке көптеген адамдарды, жастарды, студенттерді, сондай-ақ қалпына келтіру, сәулет, тарих, өнертану саласындағы мамандарды тарту мақсатында «Ғылыми зерттеулерді қолдау қоры» жеке қоры «АТАМҰРА-НАСЛЕДИЕ» жобасын (Мәдени мұра волонтерлар мектебі) жүзеге асырды.
Жоба аясында, 8-10 қараша аралығында Ақжайық, 14-15 қараша күндері Теректі, Бөрлі, Шыңғырлау аудандарына экспедиция ұйымдастырылды. Экспедиция барысында қорғауға алынбаған ескерткіштер тіркеліп, тізімге алынып, фото, видео түсірілім жасалып, GPS координаттары алынды.
16 қараша күні жас айырмашылығы әртүрлі азаматтар үшін қалалық экскурсия ұйымдастырылды. Жалпы колледж, университет студенттері, мектеп оқушылары, аудан мектептерінің мұғалімдері және ерікті азаматтар  тарапынан 50-ге жуық ниет білдіруші жианлды. Экскурсияны Пустовая Нина Александровна жүргізді.

Сонымен қатар, 17 қараша күні мәдени мұраны сақтау бойынша семинар-тренинг өткізілді. Өлкетанушы, этногроф, археолог мамандар, «БҚО тарихи-мәдени мұраларын қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекциясы» КММ-сі инспектор мамандары практикалық сабақтар өткізді.
Әрбір дәріскер өз қызметі туралы айтып берді. Қатысушылар ХІХ ғасырдың құлпытастарындағы сандарды оқуды үйренді, ескерткіштің төлқұжатын толтыруды, археологиялық қазба және этнографиялық зерттеу негіздерін үйренді.
Семинар-тренингке қатысқан әр ерікті жаңа мағлұматтар біліп, сөз қорытындысында мүмкіндік үшін жоба ұйымдастырушыларына ризашылықтарын білдірді.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
353 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
441 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
498 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
509 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
559 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
302 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
779 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
809 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
760 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
712 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
756 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
938 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»