8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
30 Маусым 2021 2488 0
Дені сау ұлт

ВАКЦИНА АЛҒАН СТУДЕНТТЕР ҚАНДАЙ ЖЕҢІЛДІККЕ ИЕ БОЛАДЫ?

Университеттер білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің тапсырмасы бойынша ЖОО-дағы студенттер арасында коронавирусқа қарсы вакцина алу акциясын бастайды, деп хабарлады inbusiness.kz.

COVID-19-ға қарсы екпе алған студенттер оқуға, жатақханада тұруға жеңілдіктер алып, түрлі сыйлықтарға ие болады.

«Осылайша, жоғары оқу орындары халықтың денсаулығын қорғау үшін вакцинациялау қарқынын күшейту жөніндегі жұмысты қолдайды. Студенттер ғана емес, жоғары оқу орындарының екпе салдырған оқытушылары да материалдық ынталандыруға ие болады», – деп жазылған білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Бүгінде Лев Гумилев атындағы ЕҰУ, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Абай атындағы ҚазҰПУ, Қаныш Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ, Мұхтар Әуезов атындағы ОҚУ, Махамбет Өтемісов атындағы БҚУ, Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті аталған акцияны қолдауды бастап кеткен.

Бірқатар жоғары оқу орны студенттер үшін жеңілдіктер, сауықтыру шипажайына тегін жолдама, тегін тамақтану және қоғамдық көлікті пайдалану талондарын қарастырған.

«Сондай-ақ жоғары оқу орындары вакцина алған студенттер үшін шет тілдері, компьютерлік сауаттылық және кәсіпкерлік дағдыларды дамытатын тегін курстар ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Ал екпе салдырған кейбір университеттердің студенттері фитнес залдарына, бассейнге, театрға, кинотеатрға және концерттерге тегін бара алады», – деп жазылған хабарламада.

Аталған жоғары оқу орындарының оқытушылары да назардан тыс қалмайды. Олар қосымша ақы немесе ақылы демалыс алады.

«Вакцинация мәселелері мен оның шешілу жолдарын жоғары оқу орындарының өздері қабылдайды. Министрдің тапсырмасы бойынша студенттер мен оқытушыларды вакцинациялауға шақырып, ынталандыру бойынша шаралар қабылданып жатыр. Басқа жоғары оқу орындарын да вакцинацияны қолдау шарасын ұйымдастыруға шақырамыз. Себебі, бұл коронавирустың таралуын тоқтатудың жалғыз жолы», – деді вице-министр Қуаныш Ерғалиев.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
353 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
441 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
498 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
509 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
559 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
302 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
779 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
809 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
760 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
712 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
756 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
938 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»