Әуежайда жермен жүру жолы жөнделеді
Мәншүк Мәметова атындағы халықаралық әуежайы жермен жүру жолының қолданыстағы жабынына ағымдағы жөндеу жүргізеді. Бұл іс-шаралар ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жүргізіледі. Жөндеу кезеңіне 08 қазан сағат02:00-ден 10 қазан сағат 05:00-ге дейін, сондай-ақ 12 қазан сағат 01:30-дан 17:00-ге дейін (резервтік күн) әуе кемелерін қабылдау және шығаруға әуеайлақты жабу жоспарлануда. Бұл әуе кемелерін пайдалану және жолаушыларға қызмет көрсетуқауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған мәжбүрлі шара.
Жоспарланған жөндеу мерзімдері қолайлы ауа райы жағдайлары кезеңін ескере отырып, сондай-ақ әуежайда ұшатын ұшақтар саныныңазаюын ескере отырып таңдалды және Оралға рейстерді орындайтын әуекомпаниялармен келісілді.
Жолаушылардан жүргізіліп жатқан жұмыстарға түсіністікпен қарауды және сапарларын алдын ала жоспарлауды сұраймыз.
Орал әуежайының баспасөз қызметі
Соңғы жаңалықтар
Президент: «Мұндай маңызды шешім кең ауқымды талқылау арқылы қабылдануға тиіс»
Медициналық технологиялар және биоресурстар: БҚО мен Қытай компаниясының бірлескен жобасы талқыланды
Бүгін Қазақстан мен Еуропалық одақ визалық режимді жеңілдету туралы келіссөздерді бастайды

Кіру