8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
02 Ақпан 2021 1730 0
Өзек

УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОР АСА АУЫР ҚЫЛМЫСТЫ АШТЫ

Ақсай қаласында аудандық полиция бөлімінің учаскелік инспекторы И.Нұрлановтың жеделдігінің арқасында кісі өлтіруші қылмыс орнында  ұсталды.

БҚО Полиция департаменті мәлім еткендей, ол еңбек демалысында бола тұра ақпарат алғаннан кейін оқиға орнына барып, қылмыскерді  ұстау шараларын қабылдаған.

Қылмыстық істің материалдарына сүйенсек, 1981 жылғы  Н.  1985 жылғы К.-мен жағымсыз қарым-қатынаста болған, яғни қасақана өлтіру мақсатында оның қорғануына мүмкіндік берместен, 10 мәрте темір трубамен басынан ұрған. Алған жарақатынан К. сол жерде көз жұмады. Бұл оқиға Н.-ның үйінде болған. Аса ауыр қылмыстың ізін жасыру үшін мәйітті үйдің артқы ауласына сүйреп апарып, заттарын полиэтиллен пакетке салып, өзінің «Шевроле Нива» маркілі көлігінің салонына тастай салған. Ал көліктің бензинін құтыға құйып алған.

Бұл жағдайдың бәрін көріп тұрған куәгер дереу  Бөрлі аудандық полиция бөлімінің учаскелік испекторы И.Нұрлановқа хабарлайды. Инспектор оқиға орнына шығып әрі Бөрлі аудандық Полиция бөлімінің  кезекшісіне хабарлап үлгерген. Инспектор И.Нұрланов оқиға орнына келгенде үйдің алдындағы асфальт жолдан  қоңыр-қызыл түсті тамшыларды көрген және ауладағы Н-ның іс-әрекетін сырттай бақылайды. «Сова» патрульдік тобы келгенде, полицейер аулаға кіріп, жасырылған К.-нің мәйітін тапты. Өзінің қатыгездік әрекетінің  ізін жасырып үлгермеген кісі өлтіруші ұсталды.

Батыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен кісі өлтірген Н. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігі (кісі өлтіру) бойынша 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол қылмыстық-атқару жүйесінің қатаң режимдегі мекемесінде жазасын өтейді.

БҚО полиция департментіне Батыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотынан жеке ұйғарым жолданған. Онда Бөрлі аудандық ІІБ учаскелік инспекторы И.Нұрлановтың өзінің азаматтық борышы мен қызметтік міндеттерін адал атқаруы арқылы ерекше ауыр қылмыстың  ашылғаны аталған.

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
353 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
441 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
498 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
509 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
559 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
302 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
779 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
809 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
760 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
712 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
756 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
938 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»